Қазақстанда жаңа партия құрылады
Фото: «Әділет» партиясының бастамашыл тобы
Қазақстанда жаңа партия құрылатыны туралы жарияланды. Бастамашыл топ Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәлімдемеде айтылғандай, жаңа партия прогрессивті реформаларды қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ұмтылады.
Негізгі мақсат пен міндет ретінде жаңа Конституция қағидаттары мен ел құндылықтарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау аталды.
«Біз барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіріп, қуатты экономикасы бар, баршаға кең мүмкіндік ұсынатын, әлемдік қауымдастықта беделді орны бар Әділетті мемлекет құру мен нығайтуды көздейміз» деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар партияның басым бағыттары да аталды:
- барлық қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және кландық әрі өңірлік айырмашылықтар ықпалын азайту;
- тәуелсіз, тиімді және әділ құқық қорғау және сот жүйесін қалыптастыру;
- экономикалық әділеттілік пен елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
16 сәуірде бастамашыл топ Қазақстанның Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жолдайды және жақын уақытта құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отыр.
Бастамашыл топ құрамында «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжехан, саясаттанушы Марат Шибутов, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, «Qazaqstan» РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және басқа да тұлғалар бар.
Оқи отырыңыз:
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық