«Жолға таласып ұрып кетті»: полиция жалғызбасты әйелдің шағымына байланысты іс қозғалғанын хабарлады
Шымкентте жұрттан көмек сұраған Адина Абай полицияның әрекетсіздігіне шағымданды. Ол жолға таласып өзін ұрып кеткен ер адамның табылмай жатқанына алаңдап, көпшіліктен көмек сұрады. Оқиға 14 қараша күні кешке болған.
- Жұмыстан үйге келе жатқанда джип автокөлігіндегі кісілер, яғни анасы мен баласы аулаға кіре бергенде жолға таласты. Балағаттап, сол жерде мені ұрып, қашып кетті. Есім кіресілі-шығасылы болып отырғанда анасы ақша ұсынды. «Ақшаны алып, мұрныңды емдетіп ал» деді, - дейді Адина Абай.
28 жастағы жалғызбасты әйел таяқ жегеннен соң Шымкенттегі 1-қалалық клиникалық ауруханаға түскен. Қазір ем қабылдап жатыр. Оқиға болған күні де, одан кейін де учаскелік полицияға арызданған.
- Бірінші күні Дидар деген полиция келді. Арызымды қабылдамады. Одан мардымды жауап болмаған соң тағы полиция шақырдым. Нұрдәулет деген жігіт келді. Арызымды алып кетті. Ауруханада жатқаныма үшінші күн болды. Бірде-бір полиция қызметкері келген жоқ, жағдайымды білген жоқ. Телефонмен хабарлассам көтермейді. Әділдік іздеп отырмын. Көмек берулеріңізді сұраймын, - дейді арызданушы.
Адина Абай жалғыз қызымен пәтер жалдап тұрады. Қазір қызын туыстарының үйіне жіберіп, сабақтан қалдыруға мәжбүр болған.
Әйелдің видеошағымынан соң қалалық полиция департаменті іс қозғалғанын хабарлады. «Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабымен (107-бап) қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп, күдікті анықталып, жеткізілді. Сараптама тағайындалды, тергеп-тексеру амалдары басталды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды