Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
Бейнеден скриншот
Рысқұлов даңғылында кеше түнде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 35 жастағы әйелдің біраз жері сынып, өзге де жарақат диагнозы қойылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, әйел 27 шілде күні сағат 04:05-те №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан көптеген жарақат, оның ішінде бірнеше сүйегінің сынғаны және жұмсақ тіндерінің зақымданғанын анықтаған.
«Қажетті шұғыл емдеу-диагностикалық шаралары жүргізіліп, сынған сүйектері салынды. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда», деп хабарлады басқарма өкілдері.
Еске сала кетейік, жол апаты Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Suzuki көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кері бұрылу кезінде қарсы бағытта жүріп келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Suzuki жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша полиция екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық