Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
Фото: picture-alliance/ dpa
Полиция мәліметінше, стримерлер лайк, қаралым және донат жинау мақсатында бейәдеп сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсетіп, қауіпті пранктар ұйымдастырып, адамдарды қорлаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада 37 жастағы Индира Ештаева TikTok-та «Бауырсақ» лақап атымен танымал. Ол боқтық сөздер айтып, әдепке жат контент таратқан. Осы үшін оған айыппұл салынды.
Алматының 32 жастағы тұрғыны Ақтөре Батырбек «Ақтөре» лақап атымен белгілі. Тікелей эфир кезінде ол балағат сөздер айтып, айналасындағыларды қорлаған. Ол бес тәулікке қамауға алынды.
Шымкентте 20 жастағы Данияр Сейдалиев аудитория назарын аудару үшін тікелей эфирде электрошокер қолданылған адам ұрлау көрінісін инсценировка жасаған. Сонымен қатар эфир барысында боқтық сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Ол сегіз тәулікке қамауға алынды.
Жамбыл облысында 41 жастағы Лайло Қасымова «Алтын қыз» лақап атымен белгілі. Ол бірнеше рет бейәдеп сөздер айтып, заңға қайшы контент таратқан. Оған айыппұл салынды.
Сондай-ақ 19 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Жарқынай Байбек пен Асылжан Танаберганов те анықталды. Олар TikTok-тағы тікелей эфирлерде донат жинау және аудитория тарту үшін әдейі бір-біріне физикалық зиян келтірген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық