Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
Фото: Kozachkov offside
Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әлия Макаева заңсыз көші-қон ұйымдастыру ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы алғаш журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасы хабарлады.
Дүйсенбі күні жарияланған мәліметке сәйкес, полиция полковнигі ұйымдасқан заңсыз көші-қон ісі бойынша күдікке ілінген. Әңгіме жекелеген жағдай туралы емес, тергеу нұсқасына сәйкес түрлі ведомстволардың өкілдері қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жайында болып отыр.
Дереккөздің мәліметінше, аталған топқа қатысы бар тұлғалар шетел азаматтарына заңсыз түрде тұруға рұқсат құжаттарын рәсімдеумен айналысқан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта бұл істі Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.
Orda.kz редакциясы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық