Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
Бейнеден кадр
Жолаушыларға лық толы ұшақ бортында портативті қуаттағыш өздігінен атылып, салдарынан қол жүгін салатын сөреде өрт шығып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кадрда әуе компаниясы қызметкері қол жүгін салатын сөрені ашқан кезде оның ішін жалын шарпығанын көруге болады. Бейнежазбада үрейге бой алдырған жолаушылардың өрт шыққан жерден алшақтап жатқан сәті байқалады, олардың арасында кішкентай баласын көтеріп, қауіпсіз жерге асыға алып кеткен ата-ана да бар.
Кейін өрт сөндіру тобының мүшелері жоғарғы жүк сөресінен сөмкелерді жедел шығара бастаған, ол кезде жалын әлі де күшейіп тұрған. Бұл оқиға China Eastern Airlines әуе компаниясының Ланьчжоудан Гуйянға бағыт алған MU2421 рейсінде болған.
Қуанышқа орай, өрт тұтанған кезде ұшақ жерге қонып үлгерген еді. Airbus A320 әуе кемесі сол сәтте Гуйян әуежайында ұшу-қону жолағынан терминалға қарай жылжып бара жатқан.
Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынды тез арада ауыздықтады. Әуежайдың өрт қызметі оқиға орнына келіп, барлық жолаушылар ұшақтан қауіпсіз шығарылды.
Билік өкілдерінің мәліметінше, жолаушылардың бірінің қол жүгінде болған портативті қуаттағыш жүк сөресінде өздігінен тұтанып кеткен. Aviation Safety Network деректеріне сәйкес, оқиға салдарынан экипаж мүшелері мен жолаушылар зардап шекпеген, ал ұшақ тек түтіннен аздаған зақым алған.
Жолаушылардың бірі Jimu агенттігіне берген сұхбатында ұшақ жаңа ғана қонған кезде алдыңғы жақта отырған адамдар «өрт!» деп айқайлап, артқы бөлікке қарай жүгіргенін айтты.
«Алғашында ұшақ сыртынан жанып жатыр деп ойладым, бірақ жоғары қарағанда, жалынның багаж сөресінен шығып жатқанын көрдім», – деді ол.
Тағы бір куәгер экипаж мүшелері сабырға шақырып, өртті жылдам әрі байсалды түрде сөндіргенін жеткізді.
«Бағымызға орай, ұшақ әлдеқашан қонған еді – бұл өте қорқынышты жағдай болды», – деді ол.
The Sun басылымы China Eastern Airlines компаниясынан пікір алу үшін сұрау жолдаған.
Бұл жағдай маусым айында British Airways ұшағының 30 мың фут биіктікте портативті қуаттағыштың жарылып, өртенуіне байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болған оқиғадан кейін болып отыр.
Ол кезде де Лондоннан Лас-Вегасқа бағыт алған рейсте телефон қуаттағыш құрылғысы орындық қалтасында жарылып, жолаушылар арасында дүрбелең туғызған.
Ұлыбританияның авиациялық реттеушісі портативті қуаттағыштар (power bank) әлем бойынша рейстерде жиі қауіп төндіріп жатқанын ескертіп, жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Азаматтық авиация басқармасының өкілі Джонатан Николсон мұндай құрылғыларды тіркелген жүкпен бірге тасымалдауға тыйым салу секілді талаптар жай ғана формалдылық емес екенін атап өтті.
Айтпақшы, бұған дейін Ұлыбританияға бағыт алған EasyJet рейсіндегі жолаушы жүгінде портативті қуаттағыш болғандықтан, Рим қаласына шұғыл түрде бағыт өзгерткен еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық