Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков соңғы төпеп жауған жаңбыр кезінде қысқа уақыт ішінде Астанадағы көшелерді су басқан жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол табиғи апаттарға байланысты нөсер кезінде арнасынан тасыған кәріз жүйесін жаңғырту қажеттілігіне күмән келтірді.
«Иә, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз қоғамда, әлемде өмір сүріп жатырмыз, ал табиғат бізге толық бағынбайды. Кейде жауын-шашын қалыпты мөлшерден әлдеқайда көп болып жатады. Бұндай кезде осындай жағдайлар болады. Біз де осы өңірдің тұрғыны ретінде белгілі бір қолайсыздық сезінеміз. Бірақ мұндай жағдай күнде қайталанып жатпағанын түсіну қажет. Белгілі бір кезеңде болуы мүмкін табиғи апаттарға алдын ала дайындық үшін қомақты қаражат жұмсау – бұл үлкен шығын. Ал ол өз кезегінде бюджетке салмақ түсіреді. Сондықтан оның қаншалықты қажет екенін бағалап, талдап, сараптама жасау керек», – деді Сапарбеков үкіметтегі брифингте.
Вице-министр бұл мәселеге кешенді түрде қарау қажет екенін атап өтіп, проблемалы учаскелерді жеке-жеке зерттеу керек екенін айтты.
«Мұндай табиғи құбылыстардың қаншалықты жиі болатынын, жауын-шашын көлемін және түсетін жүктемені ескеру керек. Кез келген жоба сараптамадан өткенде аймақтың қалыпты өмір сүру жағдайлары мен стандарт талаптары негізінде қаралады. Жоба мақұлданғанда ықтимал жүктеме де есепке алынады», – деді ол.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов соңғы 10 жылда нөсер кезінде су басатын 11 учаскедегі мәселе шешілгенін айтты. 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстарға шамамен 5 млрд теңге бөлінген.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде нөсер 15 минуттың ішінде Астананы Венецияға айналдырды. Жаңбыр салдарынан Астанада көшелерді су басып, құтқарушылар көліктерді эвакуациялап, тұрғындарға қауіпсіз жерге шығуға көмектескен.
Қысқа уақыт ішінде жауған қатты жауын-шашын салдарынан көшелерді су басып, кейбір жолдар шағын көлге айналды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде суға толған көшелер мен жүріп өтуге қиын жолдардың бейнежазбаларын жаппай бөлісіп, жағдайдың күрделілігін көрсетті.
Ең қызығы, осы нөсерден кейін Астана көшелерінен жоғалған мемлекеттік нөмір белгілері табылып жатты. Полицияға мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жоғалтып алғандарын айтып жүздеген адам шағым түсірген
Әкімдік бұл жағдайды қысқа уақытта қатты нөсердің жауғанымен түсіндірген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Жатақханадан орын бұйырмаған Алматы студенттері қайда барады?
- Лудомания көбейеді: Талғарда салынады деген казино жергілікті тұрғындардың ұйқысын қашырды
- Нұрай Серікбайға аяусыз сілтенген пышақ: Сот-медициналық сарапшы кәсіби баға берді
- Украина Каспий құбырына соққы жасамауға уәде берді — БАҚ
- Қосымша қолдау жүйесі бар: Грантқа ілінбегендер не істейді?
- Қазақстан ғалымдарының ғылыми атақтарын ЕАЭО елдерінде растаудың енді қажеті жоқ
- Астана – Арқалық бағытында Starlink спутниктік интернеті бар жаңа пойыз қатынайды
- Қайрат Сатыбалдының жыр болған «Байсат» базары ақыры сатылды
- Атырауда су құбырын жөндеуден 6 млрд теңгеден асатын қаржы ұрлағандарға үкім шықты
- «Астана» баскетбол клубы қаржыландырылмай, ойыншылар Тоқаевқа үндеу жасады
- Құрылтай депутаттарын сайлау: Сайлау учаскесінің мекенжайын қалай білуге болады?
- Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
- Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
- Қазақстандағы мектеп формасында өзгеріс бар ма?
- Құрылтай деген не? Ұлы даладағы билік кеңесі қалай қалыптасты?
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр