Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
Боралдайда 65 адам сушиден уланды, қазір суши-бардың жұмысы тоқтатылып, іс материалдары полицияға берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК мәліметінше, Алматы облысы Іле ауданындағы санитарлық дәрігерлер Боралдай кентіндегі Sushi Time суши-барындағы жаппай улануға қатысты сараптама қорытындысын жариялады. Кафе «Алатау» базары аумағында орналасқан.
Мұнда суши мен пицца жеген 65 адамның барлығының жағдайы нашарлаған. Жүрегі айнып, құсып, іші ауырған 36 адам үш ауруханаға жатқызылса, тағы 29 адам амбулаторлық ем алған.
Сараптама барысында дайын өнімнен ішек таяқшасы мен стафилококк анықталды. Асүйден жәндіктер табылған, ал ішек таяқшасы үстелдер мен асүй құралдарынан да шыққан. Балық, күріш және ірімшік дайын өніммен бірге еденде сақталған. Иесінің шикізатқа арналған сапа сертификаттары болмаған, ал қызметкерлер медициналық кітапшасыз жұмыс істеген.
«Суши-бардың қызметі толық тоқтатылды. Қауіпті өнім тәркіленіп, жойылды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханадан шығарылды», деп хабарлады Іле аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
Іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Бұған дейін Orda.kz Боралдайдағы жаппай улану туралы алғашқы ақпараттың маусым айының ортасында тарағанын жазған еді. Сол кезде 19 адамның зардап шеккені белгілі болған. Санитарлық дәрігерлер бірден кафені жауып, өнімдерді сараптамаға жіберген.
Кейін зардап шеккендердің саны 65 адамға дейін жетті.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық