Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Жамбыл облысында «Айша бибі» өткізу бекетінде болған жанжал қылмыстық іспен аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың мамыр айында болған. Қырғызстаннан отбасымен оралған әйел мемлекеттік шекарадан кезексіз өтпек болған. Оған ескерту жасалғаннан кейін кезекте тұрған әйелдердің бірімен сөзге келіп қалған.
Шекарадан өткен соң жәбірленуші болған жағдайды телефонға түсіре бастаған. Осы сәтте сотталушының ұлының телефонын қағып жібергеннен кейін, сотталушы жәбірленушіге жүгіріп барып, бетінен алақанымен ұрған. Жанжал куәгерлердің араласуымен тоқтатылған.
Сотта әйел кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ал жәбірленуші өзіне бірнеше рет соққы жасалғанын және ауыр жарақат алғанын айтқанымен, сараптама бұл мәлімдемені растаған жоқ. Мамандардың қорытындысы бойынша, дене жарақаттары денсаулыққа зиян келтірмеген.
Сот әйелдің кінәсін мойындауын, бес кәмелетке толмаған баласының болуын, бұрын сотталмағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленушінің пайдасына 300 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық