ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
Фото: maqat-tynysy.kz
Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы интернетте тараған аралды 10 млн долларға сату туралы хабарландыруға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде арал сатылатыны жөнінде жарияланым пайда болған еді.
«Арал сатып алу мүмкіндігі күн сайын кездесе бермейді. Жеке меншіктегі 22,5 гектар жер телімі бірыңғай инвестициялық жоба ретінде ұсынылады. Нысанның құны 10 млн АҚШ долларына бағаланған» деп жазылған хабарламада.
Алайда кейінірек республикалық БАҚ-тың бірінде арал иесі Совет Мұхитовтың бұл нысан сатылмайтынын айтқан видеосы тарады. Осыған байланысты ШҚО жер қатынастары басқармасы БАҚ сауалына жауап берді.
«Аталған арал Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында орналасқан. Ауданаралық экономикалық соттың шешімі негізінде Алтай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 2595 қаулысымен жер телімі жеке меншікке берілген. Жер телімін сатып алу құны мен оның сатылым бағасы туралы мәлімет басқармада жоқ»,— деді басқарма басшысы Надежда Михейлис.
2008 жылы арал аумағы төрт жер теліміне бөлінген: кадастрлық нөмірлері 05-070-033-027 (161,1 га), 05-070-033-030 (24,7 га), 05-070-033-028 (24,1 га) және 05-070-033-029 (15,1 га).
«Жер телімдерінің нысаналы мақсаты «тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, жер учаскесіне жеке меншік құқығын толық төлеген тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген мәміле түрлерін жасауға құқылы» , — деді Михейлис.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық