Жемқорлардан алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалады

cover

ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті. Түзетулер енгізілген қаулыға Әлихан Смайылов қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған еді.

«Жалпы, мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс» деді Тоқаев.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түскен. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Олар:

94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға;

тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар