Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Венгрия парламенті конституцияға енгізілген түзетулерді мақұлдап, премьер-министр қызметінде болу мерзімін екі кезеңмен шектеді, деп Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа заңға сәйкес, бір адам премьер-министр лауазымын ең көбі екі төртжылдық мерзім атқара алады.
15 маусымда өткен дауыс беруде бұл бастаманы 134 депутат қолдады. 50 парламентарий қарсы дауыс берсе, тағы алтауы қалыс қалды.
Жаңа шектеулер 1990 жылдан бері үкімет басшысы қызметін атқарған барлық саясаткерлерге қатысты қолданылады. Осылайша, бұрынғы премьер-министр Виктор Орбан бұл қызметке қайта орала алмайды. Себебі ол үкіметті бес мерзім бойы басқарған.
Айта кетейік, бұған дейін оппозиция лидері Петер Мадьяр Венгрия президенті өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп мәлімдеген. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қызметінен кетуі тиіс болған.
Мадьяр президент Тамаш Шуйок туралы:
«Ол венгр ұлтының бірлігін білдіруге лайық емес. Заңдылықтың сақтаушысы да қолдаушысы да бола алмайды. Моральдық үлгі де бола алмайды», – деген болатын.
Еске салсақ, 12 сәуірде Венгрия-да парламенттік сайлау өткен болатын. Онда 45 жастағы Петер Мадьяр бастаған «Тиса» атты оңшыл-орталық партия жеңіске жетті.
Конституциялық өзгерістер Венгриядағы саяси жүйеге елеулі әсер етіп, ұзақ уақыт билік еткен саясаткерлердің қайта оралу мүмкіндігін шектейді. Бұл қадам биліктің жаңаруына және саяси тепе-теңдіктің сақталуына бағытталған деп бағалануда.
Бұл елде отбасыларға үй немесе көлік алуға субсидия беріледі, жалақы жоғары, 25 жасқа дейінгілер салықтан босатылған, ал бюджет саласы қызметкерлеріне қосымша төлемдер енгізілген. Алайда Венгрияда билік ауысты. Orda.kz тілшісі өз зерттеу мақаласында бұл елде билік ауысуына не себеп болғанын түсіндірді.
12 сәуірде елде парламенттік сайлау өтті. 16 жыл бойы елді басқарып келген Виктор Орбан жеңіліске ұшырады. Сайлауға халықтың қатысу деңгейі 79,5 пайыз. Қорытынды нәтиже 18 сәуірге дейін шығады, алайда Орбан бірден қарсыласын жеңісімен құттықтады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық