Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
Фото: azh.kz
Қасиетті орында қалтаға қол сұққан 20 жастағы қыз «Қызылжар» мешіті имамының кабинетіне кіріп, 36 500 теңгесін үптеп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда оны бұл олжасы алысқа жібермеді. Жас қыз еш ойланбастан имамның күртешесінің қалтасындағы ақшаны алғанын ешкім білмейді деп ойласа керек. Бірақ оңай олжаға масайраған әрі сақтық танытпаған бойжеткен бейнебақылау камераларының бар екенін ескермеген.
Сондықтан тәртіп сақшылары оны көп ұзамай тауып алды. Сотта бойжеткен жасаған ісіне өкініп, кешірім сұрады. Жәбірленуші де кешірімді адам болып шығып ол қызды кешіріп, тіпті оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Сот қыздың бұрын сотталмағанын, кішкентай бала тәрбиелеп отырғанын және алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырғанын ескерді.
Нәтижесінде 36 500 теңге ұрлағаны үшін оған бір жарым жыл шартты жаза тағайындалды.
Қосымша қаржылық сабақ ретінде сот оны Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына шамамен 65 мың теңге аударуға міндеттеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық