Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
Фото: Istock
Жетісу облысында ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеп, уран концентратын Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен шығаруға әрекет жасау ісі бойынша алты адамға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында айтылғандай, Жетісу облысының Панфилов аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 283-бабы 2-бөлігі (ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу, сақтау, тасымалдау және өткізу), 286-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары (алдын ала сөз байласқан адамдар тобының бірнеше рет жасаған ядролық материалдарды контрабандалық жолмен алып өтуге әрекеті), сондай-ақ 284-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтары (қызметтік өкілеттіктерді пайдаланып ұрлық жасау) бойынша айыпталған алты сотталушыға қатысты үкім шығарған.
Сот дерегінше, айыпталушылар уран концентратын заңсыз жолмен шығаруды ұйымдастырған. Материал кәсіпорындардың бірінен ұрланып, кейін бірнеше адам арқылы тасымалданып, ел аумағынан шығарылмақ болған.
Радиоактивті зат Нұр Жолы өткізу пунктінде анықталған. Сараптама тәркіленген заттың уран концентраты екенін және оның радиация деңгейі рұқсат етілген мөлшерден бірнеше есе жоғары болғанын растады.
Сот шешімімен айыпталушылар Й., К. және Р. 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ж. 4 жыл 6 айға, ал М. мен С. 2 жыл 6 айға сотталды. Олар жазаларын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық