ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
Фото: Hacked.com
Биылғы жылдың маусым айында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «Kyzdar.net» интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымын ұйымдастырушылар мен түпкі бенефициарларын ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Платформада интимдік қызмет көрсетуді ұсынатын шамамен 9 мың анкета орналастырылған, олардың 500-ден астамы дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдар мен трансвеститтердің анкеталары болған. Мұндай қызметтер жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыратын факторлардың бірі екені даусыз.
«Ұйымдастырушылар қызметін тоқтату қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту тұрғысынан ерекше маңызды. Аталған сайттың интернет желісі арқылы жеңгетайлықты жарнамалау және насихаттау, азаматтарды заңсыз қызметке тарту мақсатында пайдаланылғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктілердің IT-компаниялардың бірінің негізін қалаушылары екені анықталды. Олар әзірлеген «Kyzdar.net» сайты негізгі жобалардың бірі болған және кейіннен қызмет көрсету саласындағы басқа заңды IT-өнімдерді жасау кезінде енгізілген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге арналған технологиялық платформа ретінде пайдаланылған» деп жазылған ҚР ІІМ таратқан мәлімдемеде.
Компанияның дамуы «Kyzdar.net» сайтының заңсыз қызметінен түскен қаржы ағындары есебінен жүзеге асырылған. Алдын ала есеп бойынша олардың көлемі ай сайын 500 миллион теңгеден асқан. Қаржылық операциялардың едәуір бөлігі ақша қаражаты қозғалысын бақылауды қиындату мақсатында криптовалюта құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген.
«Жүргізілген тергеу іс-шаралары нәтижесінде 144 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, 1,3 миллион АҚШ долларынан астам қаражат, оның ішінде криптовалюта түріндегі 300 мың доллардан астам қаржы, қару-жарақ пен оқ-дәрілер, шамамен 150 бірлік компьютерлік және өзге де техника, автокөліктер, құжаттар және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелер тәркіленді» деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Құқыққа қайшы қызметтің барлық мән-жайларын анықтауға, ықтимал сыбайластарды әшкерелеуге, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру схемаларын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүріп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Ішкі істер министрлігі техникалық жабдықталу деңгейіне және заңсыз табысты жасыру тәсілдеріне қарамастан, осындай құқыққа қайшы схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша дәйекті шараларды алдағы уақытта да қабылдайтын болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық