Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
Фото: Orda.kz
Әл-Фараби даңғылында болған жөл-көлік апатына қатысты сот отырысында сотталушы Александр Пак өз көлігіне неліктен жалған нөмір таққанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм Еламан Тілемесовтің өткен сот отырысында қорғаушысы өзгергенін жазған едік. Іске келген жаңа адвокат Гүлмира Бабажанова қазір әлеуметтік желіде тарап кеткен сотталушы марқұмдардың туысына 100 млн теңгеден берді деген ақпарат жалған екенін айтты. Бабажанова нақты 100 млн алмағанын білсе де, Пактың туыстары моральдық өтемақы алғанынан хабарсыз екенін айтты.
«Марқұмның жақындары айыпталушының қарт анасы мен кәмелетке толмаған үш баласының жағдайын ескеріп, оларға жанашырлық танытқан. Сонымен қатар, қорғаушы жәбірленушілер 100 миллион теңге өтемақы алды деген қауесетті жоққа шығарғым келеді. Отбасы қыруар қаражат талап етпеген, тек кінәлі тарап өз шамасына қарай ерікті түрде материалдық көмек көрсетті. Кешірім беру жүргізушіні жауапкершіліктен босатпайды. Заңға сай, татуласу тек жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуі мүмкін. Ал айыпталушыға қандай жаза тағайындалатынын тек сот шешеді», – деді Бабажанова.
Сонымен қатар сотта Александр Пактан Zeekr көлігіне неге басқа мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алғаны жайлы сұралды.
Пак өзіне тиесілі «009 JET 02» нөмірінің сыңарын жоғалтып алғандықтан, амалсыздан екінші көлігінің «100 QR 02» нөмірін іле салғанын алға тартты. Оның сөзінше, өзі тіпті осы жалған нөмірге келген айыппұлдарды да уақытылы төлеп отырған. Ол бұл қадамға айыппұлдан жалтару мақсатында бармағанына сендірді.
Дегенмен, іс материалдары оның жол ережесін жүйелі түрде бұзатынын көрсетті. Судья оқыған құжаттың алғашқы 94 парағы түгелдей Пактың жылдамдық асыруы мен басқа да заңбұзушылықтарынан тұрады.
Алайда адвокаты бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Алматы сияқты үлкен қалада ереже бұзбайтын, көлігін қате жерге қоймайтын немесе жылдамдықты асырмайтын жүргізуші мүлдем жоқ екенін айтып, оның әрекетін ақтап бақты.
Түстен кейінгі сот процесінде ос іс бойынша анықтаушы Шухрат Мұхтаров жауап берді. Сотқа онлайн қатысқан анықтаушыға тек қана сотталушының адвокаты сұрақтар қойды. Қорғау тарабының сұрақтарының басым бөлігі анықтаушының оқиға орны мен алкогольды анықтау үшін алынған сараптама қалай жасалғаны жайлы болды.
Қорғау тарабы арнайы сараптамасыз Zeekr көлігіндегі техникалық ақау нұсқасын толық жоққа шығаруға болмайды деп есептейді. Анықтаушыдан сотталушының адвокаты тергеу барысында көліктің техникалық ақауы болуы мүмкін деген болжамның тексерілген-тексерілмегенін сұрады.
Шухрат Мұхтаровтың сөзінше, көлік 2025 жылы шығарылған жаңа автокөлік болғандықтан, техникалық сараптама тағайындауға негіз болмаған. Бұдан кейін адвокат жаңа көлікте ақау болуы мүмкін емес деп санайсыз ба деген сауал қойды.
«Нақты осы жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама жүргізудің қажеттілігі болған жоқ деп есептеймін. Себебі апатқа алып келген бірнеше фактор бар. Атап айтқанда, жүргізуші жылдамдықты едәуір асырған және алкогольдік масаң күйде болған. Мұндай жағдайда ол жолдағы жағдайда тиісті деңгейде әрекет ете алмады. Сонымен қатар көлік жылдамдығының шамадан тыс болуы да маңызды рөл атқарды», – деді анықтаушы.
Неліктен тергеу көлікке техникалық сараптама тағайындамағаны туралы сұраққа Мұхтаров мұндай қажеттілікті көрмегенін айтты.
«Бұл жол-көлік оқиғасында техникалық сараптама жүргізуге негіз болған жоқ деп санаймын. Меніңше, бұл – қорғау тарабының жауапкершіліктен жалтару үшін келтіріп отырған уәжі», – деді ол.
Осы сот отырысында Александр Пактың қорғаушылары кешенді техникалық сараптама тағайындау туралы өтінішхат берді. Судья бұл өтінішхаттың жауабын келесі отырысқа қалдырды.
Бұдан бөлек, Александр Пактың қан үлгілерінің сақталуына қатысты мәселе де көтерілді. Қорғау тарабының мәліметінше, қан сынамалары 21 наурызда алынғанымен, сараптамаға тек төрт күннен кейін жолданған.
Бұл мәселеге қатысты жауап берген аға анықтаушы Шухрат Мұхтаров кешігу мереке күндеріне байланысты болғанын айтты. Оның сөзінше, сол уақытта сот сараптамасын тағайындап, материалдарды бірден жолдауға мүмкіндік болмаған. Сондықтан қан үлгілері бөлімдегі арнайы тоңазытқышта сақталып, алғашқы жұмыс күні сарапшыларға жіберілген. Анықтаушы қан Цельсий бойынша 1-2 градус температурада сақталғанын мәлімдеді.
Алайда қорғау тарабы бұл мәліметтердің құжат жүзінде расталмағанына назар аударды. Адвокаттың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында қан үлгілерінің қандай жағдайда сақталғанын және барлық қажетті рәсімдердің сақталғанын дәлелдейтін құжаттар жоқ.
«Біз медициналық мекемелерден жауаптар алдық. Алайда қылмыстық іс материалдарында қан үлгілерінің сақталу жағдайларын және олармен жұмыс істеу тәртібі сақталғанын растайтын құжаттар жоқ», – деді адвокат.
Келесі сот отырысында полиция қызметкері әрі Пакпен сол кеште дастархандас болған Әсет Жақсылықовтан жауап алынып, тараптар жарыссөзге өтеді.
Еске салсақ, 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында мас күйдегі Пак жалған нөмірмен 219 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 3 адамды мерт қылған. Бұған дейін марқұмдардың туыстары өтемақы алып, кінәліні кешірген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді