Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
«Құдыретті сауыт 4: Ультиматум» фильмінің алғашқы кадрлары Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында түсірілді. Фильм 2027 жылдың ақпан айында прокатқа шығады деп күтілуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі әлемге ерекше табиғатымен әйгілі — Бозжыра шатқалы. Бұл жерде 35 адамдық түсірілім тобы 7–12 маусым аралығында жұмыс істеген.
Түсірілім жұмыстарын осы жылдың өзінде аяқтау жоспарланып отыр, ал фильм 2027 жылдың ақпанында көрерменге жол тартады. Аймақ билігінің пікірінше, бұл жоба тек отандық киноиндустрия үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды әлемдік туризм картасында танытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Бұған дейін Қаскелең қаласында да арнайы кинопавильон салынып жатқаны хабарланған еді. Онда да «Құдыретті сауыт 4» фильмінің кейбір көріністері түсіріледі деп жоспарлануда.
Еске салсақ, былтыр Salem Entertainment медиакомпаниясы Джеки Чан басты рөлде ойнайтын «Құдіретті сауыт» («Доспехи Бога») фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетінін мәлімдеген болатын. Жобаға қатысты алғашқы келіссөздер Бейжіңде өткен. Дегенмен негізгі түсірілім жұмыстары Қазақстан аумағында жүргізіледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық