Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
Фото: Әлеуметтік желіден
«Өздері осыған жеткізді» деп ақталмақшы болған Сұлтан Сәрсемалиев Жангелдин ауылындағы қайын жұртын түгел қырып тастаған қылмысқа қатысты сот барысында жұбайының отбасына қарсы жасалған қанды қылмысқа қатысты өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол төрт адамның, оның үстіне туған қайын жұртының түгелдей өліміне байланысты айыпталып отыр.
Айыпталушының айтуынша, қайғылы оқиғаға ұзақ жылдарға созылған жанжал мен балалар жәрдемақысына байланысты дау себеп болған.
16 маусымдағы сот отырысында Сәрсемалиев ажырасқаннан кейін де жұбайы Ақбаянды жақсы көргенін айтқан. Оның сөзінше, ажырасуға қайын ата-енесінің ықпалы болған.
Ол ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайымен араласуды жалғастырып, отбасын сақтап қалуға үміттенгенін айтады. Алайда, оның пікірінше, әйелінің туыстары «өз мүдделерін көздеп әрекет еткен», соның ішінде балалар жәрдемақысына байланысты мәселелер де қақтығыстарға себеп болған.
Сәрсемалиев әйелінің ата-анасы балаларымен кездесуге кедергі келтіргенін, тіпті ажырасқанда іште болған бесінші балаға қатысты жағымсыз сөздер айтқанын да мәлімдеді.
Айыпталушы қайнысы Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты да түсініктеме беріп, төбелес өзін-өзі қорғау мақсатында болғанын айтты. Белгілі болғандай, Наурыз пышақ жарақатынан қаза тауып, оның денесі Сәрсемалиев бұрын тұрған уақытша жалданған үй маңына жерленген.
Сонымен қатар, айыпталушы Мұқанғалиев жоғалғаннан кейін оның атына несие рәсімдеп, туыстарымен оның атынан хат алмасқанын мойындады. Осылайша ол марқұм тірі деген әсер қалдырмақ болған.
Сотта ең резонансты мәлімдемелердің бірі – оның бұрынғы ата-енесін өлтіру ниетімен барғаны туралы сөзі болды.
Айыпталушының айтуынша, сол сәтте ол жағдайдан шығатын жол көрмеген және жанжал тым ушығып кетті деп есептеген. Кейін олардың денелері өз үйінің ауласындағы сарайдан көмілген жерінен табылған.
Сәрсемалиев сондай-ақ әйелінің сіңлісі Мейрамгүл Қарабалинаның өлімі туралы да айтты. Оның сөзінше, бастапқыда оны өлтіру ойында болмаған. Алайда кейін оны да өлтірген. Айыпталушы бұл әрекетін «лл да солар сияқты болды» деп түсіндірген.
Ол Мейрамгүлге 32 пышақ жарақатын салған. Оның денесі де ағасы Наурызбен бірге көмілген жерінен табылған.
Тергеу барысында Сәрсемалиев қылмысты жасыру жолдарын алдын ала ойластырғанын мойындады. Ол мәйіттерді жасыратын орындарды дайындап, кейін Қазақстаннан кетіп қалғанын растады.
Айыбын мойындады, бірақ өкінбейді екен. Айыпталушы адам өлтіру фактілері бойынша кінәсін мойындағанымен, жасаған ісіне өкінбейтінін айтты.
«Олар жазықсыз құрбан емес», – деді ол судьяға.
Отырыс барысында ол оқиғадан кейін Түркия арқылы Меккеге кеткенін айтты. Сотталушының айтуынша, ол Құдайдан кешірім сұрағысы келіп, «Құдайдан басқа ешкім де оның не істегенін түсіне алмайды» деп ойлаған.
Тек Сәрсемалиев өз кінәсін мойындағанына қарамастан, қаза тапқандарды да кінәлі деп санайтынын айтады. Оның айтуынша, ол «қайын жұртын бекерден - бекер өлтірмепті».
Атырауда әйелінің отбасы мүшелерін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сот жалғасуда.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Құқық қорғау органдары мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отбасылық жанжалдарды ерте кезеңде шешу, әлеуметтік қолдау жүйесін күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды екенін айтып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды
- Қазақстандықтар автонесие алуды азайтты: Сұраныс бір жылда 11%-ға төмендеді
- Президент қорғаныс министріне армияны цифрлық тұрғыдан жетілдіруді тапсырды