Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
Фото: Марғұлан Оспановтың жеке мұрағытынан
Танымал айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен жұбайы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Салтанат Өтелбаева — айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары. Жол-көлік оқиғасы кезінде оның жанында болған жұбайы Мырзабек Қасымов та көз жұмған.
Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, Атбасар мен Есілдің ортасында жол апаты болған.
«Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы таңғы тоғызда «аға, ата-анамнан айрылып қалдым» деп хабарласты. Бүгін қызы мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгеремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы төртте жолға шығып кетіпті», - деп жазды ол.
Мәліметке сүйенсек, Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнаған.
Әріптестерінің айтуынша, ол кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген. Оның жетекшілігімен музейде бірқатар маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асқан.
Әлеуметтік желіде жұртшылық марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, олардың жарқын бейнесі ел жадында сақталатынын жазып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық