Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
Фото: ҚТЖ
Қазақстан темір жолы жолаушылар тасымалы билеттерінің қымбаттауын тарифтердің жыл сайынғы индексациясымен түсіндірді. Биыл бұл көрсеткіш 7% болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы компания басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, пойыз билеттерінің бағасы жыл бойы өзгеріссіз қалады.
«Бізде теміржол тасымалының бағасы жыл бойы бірдей болады. Ол маусымға да, тәулік уақытына да байланысты емес. Жыл сайын Көлік министрлігімен жасалған келісімге сәйкес индексация жүргізіледі. Биыл 1 қаңтардан бастап билет бағасы 7%-ға өсті. Ал өткен жылғы инфляция 12%-дан асты», – деді Ахметжанов.
Оның сөзінше, әуе билеттерінен айырмашылығы – пойыздағы жолақы сұраныс пен маусымға тәуелді емес.
«Мысалы, белгілі бір бағыттағы билет шамамен 35 мың теңге тұрады және бұл баға қаңтардан желтоқсанға дейін өзгермейді. Ал авиацияда жағдай басқа: кей кезеңдерде билет бағасы осындай немесе одан да арзан болуы мүмкін. Бірақ маусым қызғанда ұшақ билеттері 70–100 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Онда динамикалық баға белгілеу жүйесі бар, ал бізде баға тұрақты», – деді ол.
Бұған дейін Олжас Бектенов ҚТЖ-ның транзиттік тасымал саласындағы жұмысын сынға алған болатын. Оның айтуынша, компания жоспарланған көрсеткіштерді орындай алмай отыр.
Мәселен, жоспар бойынша 23 миллион тонна жүк тасымалдануы тиіс болса, іс жүзінде тек 16 миллион тонна ғана жеткізілген.
Премьер-министр ұлттық тасымалдаушы басшылығына транзиттік тасымал жоспарын толық орындауды тапсырып, нәтижеге тікелей жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Бұған дейін әрбір Қазақстан темір жолы жолаушысы мемлекетке шамамен 8 мың теңгеге түсетіні туралы ақпарат жарияланған еді.
ҚТЖ мәліметінше, билет бағасының өсуі – инфляция мен тарифтерді кезең-кезеңімен жаңарту саясатының нәтижесі. Соған қарамастан, компания теміржол тасымалындағы бағаның тұрақтылығын сақтап отырғанын алға тартады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық