Жаңаөзен және Жетібай жүргізушілері бензин бағасына қатысты үндеу жасады

cover

Ақтау, Жаңаөзен және Жетібай жүргізушілері жанармай бағасының қымбаттауына байланысты үндеу жасады.

Азаттық мәліметінше, Ақтауға кіреберіс жерде Маңғыстау облысының түрлі аудандарынан жиналған 100-ден астам жүргізуші наразылық білдірген. Жиналған жұрт билікке екі талап қояды. Олар:

28 пайыз көтерілген жанармай бағасын қалпына келтіру;

Тасымалдауға шектеу қойған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 715 бұйрығының күшін жою.

«Қымбатшылық халықты қысып жатыр. Жанармай бағасын 295-тен 230-ға түсіруді талап етеміз. Жанармай қымбаттағаннан кейін тасымалдау құнын да қымбаттатуға мәжбүр болып тұрмыз»,- дейді жүргізушілердің бірі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар