Қызылордада ковид сынағы теріс нәтиже көрсеткен бүлдіршін көз жұмды
24 қаңтарда Қызылордада төртінші сынып оқушысы қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша оның коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Баланың неден көз жұмғанын арнайы комиссия тексереді.
Он жасар баланың денесінде бөртпе пайда болып, кейін қатты ауырсына бастаған. Анықталғандай оны бастапқыда үйде емдеген.
«Дәрігерге қаралғаннан кейін бала жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Коронавирустың сынамасы алынды. Нәтиже теріс болды, сондықтан 19 қаңтарда ол көпсалалы балалар ауруханасына ауыстырылды. Республикалық мамандардың кеңестері алынды. Өкінішке қарай, 24 қаңтарда оқушы қайтыс болды. Оның басты себебі - жүрек пен өкпенің жұмыс істемеуі», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.
Бала №8 мектептің төртінші сыныбының оқушысы. Ол оқу жылының басынан бастап қашықтықтан оқыған.
«Балада оқу үлгерімінде айтарлықтай проблемалар болған жоқ. Қашықтықтан оқытуға байланысты оған электронды құрал-жабдықтар берілді», - деді облыстық білім басқармасының бастығы Ақзира Қасымова.
Қазіргі уақытта облыста 89 258 студент (53%) қашықтықтан білім алуда, 80 636 студент (47%) дәстүрлі түрде білім алуда.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды
- Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
- Алматы полициясы түлектердің ата-аналарына ескерту жасады
- Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтер мен 13 мемлекеттік марапат табысталды
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов төрт жылға бас бостандығынан шектетілді
- Ерлан Қошанов президентке Ата заң нормаларын іске асыратын жеті конституциялық заң қабылданғанын баяндады
- Ақтауда пластикалық отадан кейін депутат қайтыс болды
- Бес адам сотталған өлім ісі: Туыстары полиция әрекетіне күмән келтірді
- Жетісу облысында мақсатсыз пайдаланылған мыңдаған гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
- Қазақстанда амнистия арқылы қандай жазалар кешіріледі?
- Тоқаев: Жапония — Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб
- Электромобиль сатылымы әлемнің 100 елінде рекордтық көрсеткішке жетті
- Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына жеңіс сыйлады