ҚызПУ мен әкімдік арасындағы жер дауы: халық үйсіз қалмай ма?
«Арон Атабек түрмеде 15 жыл отырып келсе де, жер мәселесі әлі де шешімін таппай жүр» деп шырылдаған Алматы облысының тұрғындары редакциядан көмек сұрады. Orda.kz редакциясы Алматы қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылына барып, тұрғындардың мәселесімен танысып қайтты.

Алматы облысы Іле аудандық тергеу соты анықтағандай, 2000 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне(ҚызПУ) Іргелі ауылдық округіндегі қосымша жерден үнемі қолдануға жарамды 9 гектар жер бөлінген. 2013 жылы жер актісі де табысталған. 2016 жылы университет өз балансындағы жерді құжатта көрсетпеген. Заңсыздықтар анықталған соң, ҚызПУ жерді кіріске алған. Халықтың айтуынша, бұл жер ҚызПУ-ға зертхана салу үшін берілген.

2018 жылы дәл осы жер жергілікті әкімдіктің мақұлдауымен 110 учаскіге бөлініп, сатылған. Жер сатып алғандар қазіргі уақытқа дейін үй тұрғызып, қоныстарына кірген. Бос жатқан жерлер де бар, бірақ олардың да иесі бар. Халық ҚызПУ мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйлерін тартып ала ма деп үрейленеді.
– Мен үйді сатып алып, жер актісін алған кезде маған жерді сатқан адам мына жерге отыз-елу жыл ештеңе салынбайтынын айтқан болатын. Нақты жылын ұмытып қалдым, бірақ менде қағазы бар. ҚызПУ-дың қыздары не жер шұқиын деп жүргенін түсінбедім. Олар 2013 жылы бізге жер керек емес деп арыз жазған.
Кең байтақ Қазақстан ғой, мына жер солардікі болған шығар, енді басқа жерден жер бермей ма? Олардың басқа да жерлері бар, бірақ олар ол жерді санитарлық аймақ деп алмай отыр екен. Кезінде «Шаңырақ» оқиғасында полиция қызметкері тірідей өртеніп кетті. Оның бәрі осындай дұрыс емес, кикілжің әңгімеден болып отыр. Қара халыққа сәл мойын бұру керек. Біз үкіметтен үй сұрап отырған жоқпыз, тек осы шаруаны шешу керек деп жатырмыз. Митинг дегендер осындайдан шығады, - дейді тұрғын.
Ашынған халық әкімдік пен ҚызПУ арасындағы сот процесінің қалай болып жатқанын және халық сатып алған жерлердің тағдыры не болатыны туралы ашық айтуды сұрады. Тұрғындардың үйлері қазіргі уақытта бұғатталып тұр, яғни олар жерді сата алмайды. Жер сатып алғандар осы жаңалықты естіп, үй құрылысын да тоқтатып қойған. Жергілікті халық әкімдіктен жер телімдерінің бұғатталуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуін талап етіп өтініш жазған, бірақ жауап келмеген.

Зеңгер Бақытжан Базарбек өз facebook парақшасында ҚызПУ-дың жеріне қатысты сарапшы маман ретінде әкімдік өткізген жиналысқа қатысқанын жазған.
«Мен ҚызПУ жеріне қатысты өзімнің пікірімді халықпен кездескен кезде де айтқанмын. Тұрғындар иеленген жерлерге үй салынған болса ешкім тиіспейді. ҚызПУ жерін алаяқтық жолмен қолды еткен әкімдік пен Ұлттық білім академиясы шенеуніктерін, университеттің бұрынғы қызметкерлерін сотқа тартып, тұрғындар құрылыс бастамаған жерлерді кері қайтаруды және жоғалған жер учаскесіне жер құқығын қалпына келтіруді талап етеді» делінген заңгер жазбасында.
Айта кетерлік жайт, Қарасай ауданы әкімдігінің шешімімен Кемертоған ауылына тиісті болған 9 гектар жер 2015 жылы «Таңдаулы сенім» өндірістік кооперативі ретінде тіркелген. Демек, өндірістік кооператив ретінде олардың өз төрағасы болады және республикалық немесе мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді. Жер сатып алған тұрғындар жер, су, газ мәселесін бірлесіп, қаражат жинап, өздері шешеді.
Жеріміз бен үйімізден айрылып қаламыз деген өндірістік кооператив тұрғындары Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа өтініш хат жазып, алдағы уақытта соны табыстауға облысқа баратындарын жеткізді.
Алматы облысы
Жаңалықтар
- Мемлекеттік Туды енді киімге жапсыруға тыйым салынады
- Ошта саудагерлер құлпынай сатқызбаған фермерге базардан сауда орны берілді
- Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы атыс: 27 күштік құрылым қызметкері ұсталды
- ХАМАС 20 жылдық биліктен бас тартуға дайын: Бұл не білдіреді?
- ХАМАС Газадағы өз үкіметін таратып, билікті бергенін жариялады
- Билік Бішкек тұрғындарынан ШЫҰ саммиті кезінде «Ыстықкөлде демала тұруды» сұрады
- Алматының 34 жастағы тұрғыны өгей әкесін пышақтап тастады
- БҰҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі алғашқы саммитінде еліміздің жетістіктері таныстырылды
- «Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына 69 кандидат ұсынады
- Аустралия премьері Кайли Миноугпен «төсектес болу» туралы қалжыңдаймын деп, басы дауға қалды
- Үш күнде 2400-ден астам жасөспірім полицияға жеткізілді: Себебі не?
- Ауладағы автотұрақты «иемденіп» алуға тыйым салынды
- ӘЧ-2026: Биылғы чемпионаттағы он қызықты дерек
- Еуропадағы ең бай адам Францияда салық төлеуден жалтарып, соттасып жатыр
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
- Бірнеше күннен бері 40-тан астам шетелдік турист Қырғызстандағы таудан түсе алмай отыр, қазақстандықтар да бар
- Трамп өтініш жасады: FIFA тарихында алғаш рет дисквалификация жойылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — ел тәуелсіздігінің символы
- Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітті
- Шымкентте Нұрайдың өлімі бойынша іс прокуратураға өтті, отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді