Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
Фото: ТЖМ
Павлодарда таңертең жеке кешенге тиесілі екі қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. Қатты желдің салдарынан жалынды өрт сөндірушілер үш сағаттан астам уақыт сөндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдай таңғы алты шамасында қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында тіркелген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт әкімшілік-тұрмыстық мақсаттағы екі қабатты ғимараттан шыққан.
«Өрт сөндірушілер келген кезде жалын көп жерді шарпып үлгерген екен. Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына қатты түтін кедергі келтірді. Сонымен қатар, оттың жылдам таралуына күшті жел әсер етті», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Таңғы сағат 10-ға таман жалын толықтай ауыздықталды. Жалпы өрт аумағы — 1500 шаршы метр.
Министрлік қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық