Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты қарыздарынан бүйрегін сату арқылы құтылмақ болған 27 жастағы ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Рақымшылық туралы заңға сәйкес сотталушының қолынан кісені шешілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық соты ҚК-тің 116-бабы 1-бөлігімен айыпталған 38 жастағы сотталушы A. Данияр есімді азаматқа үкім шығарды.
Ол Қарағанды облысы Нұра ауданының 1998 жылғы тұрғыны. Бұрын сотталмаған, ажырасқан. 2 жастағы баласы анасымен бірге тұрады.
«А. Данияр Қылмыстық кодекстің 78-бабы 2-бөлігімен ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы актісіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Қылмыстық іс жүргізу ылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1 бөлігі 3 тармағы негізінде тоқтатылсын. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы жойылсын», — деді судья Аян Құсаев.
Қылмыс 2025 жылдың сәуір айында жасалған. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Telegram-арна арқылы алғашында бүйрегін 20 млн теңгеге сатуға хабарлама қалдырады. Кейін Ақтөбеден сатып алушы тауып, саудаласқанда 15 млн теңгеге келіскен.
Сотталушы ақшаның жартысын, яғни 7,5 млн теңгені алып жатқанда қолға түсті.
Айта кетейік, сотталушы бұрын сот отырысына келмеген соң, оны күзетпен қамап, ұстау шарасы қолданылған еді.
Еске сала кетсек, Ақтөбеде өз бүйрегін 15 миллион теңгеге сатуға келіскен Қарағанды облысының тұрғыны сотқа күзетпен жеткізілген еді.
Айта кетейік, Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында адам ағзасын алып сатушыларға қатысты сот отырыстары өтіп жатыр. 1 шілде күні өткен сот отырысында куәгерлер қалай бүйректерін беріп, төл құжаттарында ата-аналарының аты-жөндері ауысып кеткенін айтты. Сонымен қатар қылмыстық топтың ішінде ерлі-зайыптыларда бар екені белгілі болды. Олар әлеуметтік желіден донор тауып келіссөз жүргізіп отырған.
Orda.kz тілшісі адам ағзасын саудаға салғандардың бұған дейін болған әр сотына қатысып тікелей ақпарат таратып отырды. Осы жолғы сотта тілшіміз айыптыларға қатысты тың деректерді біліп қайтты. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық