Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
Фото: informburo.kz
Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексельдің үйқамаққа алынғаны туралы ақпарат тарады.
Orda.kz дереккөздері Бас прокуратура жанындағы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель де ұсталып, үйқамаққа алынғаны туралы хабарлады.
Олеся Кексель кім?
Олеся Кексель – бұрынғы арнайы прокурор, Қайрат Қожамжаровтың сенімді серіктерінің бірі саналған. Ол экс-премьер Серік Ахметов пен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы істерді тергеген.
2018 жылы Бас прокуратура жанындағы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылы кәсіпкер Нәбиевтің шағымы негізінде Кексель мен әріптесі Бауржан Габбасовқа қатысты «азаптау» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Кексель тергеу барысында «қорғану құқығы бар куә» ретінде жауап берген.
Сол жылы Кексельдің Германияға кетіп қалғаны туралы ақпарат тарады.
Кексельдің аты жуырда ұсталған Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаевпен жиі қатар аталады. Екеуі де — бқрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың командасының өкілдері.
Татубаев азаптау ісі бойынша ұсталған болатын. Бас прокуратура оның Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша күдікке ілінгенін растады. Оған бұрынғы қызметінде тергеу жүргізу барысында азаптау қолданды деген айып тағылған.
Қазіргі уақытта Олеся Кексельге нақты қандай іс қозғалғаны және оның үйқамаққа алынғаны ресми түрде расталмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық