Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
Фото: ашық дереккөздерден
Қаржы полициясының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерлері, соның ішінде Антикордың экс-басшысы Талғат Татубаев пен қаржы полициясының тергеу департаментінің экс-басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты Orda.kz дереккөздері растады.
Аталған тұлғаларға қатысты іс азаптау бабы бойынша тергеліп жатыр. Elmedia telegram-арнасының хабарлауынша, Татубаевты құқық қорғау органдарындағы ықпалды прокурорлар қорғаштап жатыр.
«Бұрынғы және қазіргі прокурорлар мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері – Қожамжаровқа жақын адамдар Татубаевты қорғап қалуға тырысып жатыр», – деп жазады Elmedia.
Татубаевтың ұсталғанын Бас прокуратура растады.
«2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1), 2) тармақтарында көзделген қылмыс (азаптау) жасаған күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаев ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, қосымша дәлелдерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.» деп айтылған хабарламада.
Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.
Талғат Татубаев кім?
Қарағандылық Талғат Татубаев еңбек жолын ішкі істер органдарында тергеуші ретінде бастаған. Кейін қаржы полициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда жоғары лауазымдарды атқарды.
2013 жылдан бастап Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2016–2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны) басқарған. Сондай-ақ Бас прокуратурада қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болған және 2020–2022 жылдары әділет министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Талғат Татубаевт Қайрат Қожамжаровтың ықпалды серіктерінің бірі саналады. Оның мансаптағы бірқатар тағайындаулары Қожамжаровтың сыбайлас жемқорлықққа қарсы жүйедегі басшылық қызметтерімен тұспа-тұс келген. Тергеу құрылымдарын басқарған кезде Татубаев тікелей Қожамжаровқа бағынған.
Күштік құрылымдарда Татубаев «Қожамжаров командасының мүшесі» ретінде танылған.
Сондай-ақ, 2024 жылы экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың командасындағы кеденші Медет Жамашев тапсырыспен өлтіру ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталды. Еске сала кетсек, Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық