«Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) жұбайы Аружан Койшыбаева күйеуі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, 27 маусым күні таңғы уақытта күйеуі бір сағат бойы белдікпен ұрып, алғашқысы үзілгеннен кейін екіншісімен ұруды жалғастырған.
«Оқиға таңертеңгі сағат 10-да болды. Ол мені бір сағат бойы белдікпен сабады. Белдік үзілген соң, екіншісін алып ұруын жалғастырды. Мен пәтерден шыға алмай, айқайлап көмек сұрадым. „Көмектесіңіздер, құтқарыңыздар, мені өлтіріп жатыр“ деп айқайлаған даусымды естіп, көршілер жетіп келіп, мені құтқарып қалды», – деді Аружан Койшыбаева.
Аружан бұл жайтты жариялауға бұрын қорыққанын айтады.
«Мен оны қатты жақсы көргендіктен, бәріне көз жұма қарадым. Бірақ ол бұл әрекеті үшін титтей де өкініш білдірмеді. Денедегі жарақаттар тіркелді. Ертең арыз жазамын», – деді ол.
Оның айтуынша, Қойшыбаев кейін достарымен бірге келіп, оны видеоға «ешқандай шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрлеген.
«Бірнеше танысы қоқан-лоқы көрсетті. Қазір не істерімді білмей отырмын», – деді әйел.
Сондай-ақ ол әртістің анасы есік алдында тұрып, арыз жазбауды өтінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық