Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
Фото: ҚазҰУ
Алматыда белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин жәбірленуші ретінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оны белгісіз біреулер алдап, үйін сатып, ақшасын үшінші тұлғаларға беруіне себепші болған.
Танымал PR-маманы Айбар Олжаевтың айтуынша, күдіктілер алдымен коммуналдық қызмет өкілдері ретінде хабарласып, ардагердің жеке деректерін алған. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып, мүлікке қатысты қауіп барын айтып, үйді шұғыл сатуға көндірген. Ақшаны Ұлттық банктің арнайы шотына салу қажет деген уәжбен, профессор нотариус арқылы үйін сатып, қаражатты алаяқтардың курьеріне табыстаған.
Қазір бұл дерек бойынша Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Пәтерді сатып алған жаңа меншік иелері үйге бірнеше мәрте келіп, жәбірленушіге қысым көрсеткені хабарланды.
Олжаевтың айтуынша, профессор үйінде бекініп, өз қауіпсіздігінен алаңдап отыр. Кәкен Қамзин бұл жағдайды өзі де растады.
«Мен қартайған адаммын. Айбардың айтқаны шындық. Арбауға түсіп қалдым. Тап қазір үйді сатып алған адам полициямен келіп, “үйді босат, әйтпесе МЧС әкеліп бұзып көреміз” деп кетті. Сіздердің жедел көмектеріңіз керек. Тоқтатыңыздаршы аналарды. Бір ай мұрсат сұрасам, сатып алушы көнбей қойды», – деді ол.
Қоғам белсенділері мен журналистика қауымдастық бұл іске назар аударып, профессордың мүддесін қорғауға шақырды. Заңгерлер мәмілені сот арқылы заңсыз деп тану жолын қарастырып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық