«Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
Фото: Pixabay
Түркияда оппозициялық Республикалық халық партиясынан (CHP) сайланған үш бірдей қала әкімі Анталья, Адана және Адыяман басшылары ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми мәліметтерге сәйкес, операция Измир мен Манавгаттағы тергеуден кейін басталған. Ұсталғандардың қатарында Адана қаласының әкімі Зейдан Каралар мен Адыяман мэрі Абдуррахман Тутдере бар.
«Мені Анкарада, өз үйімде тұтқындап, Ыстамбұлға алып бара жатыр», — деп жазды Тутдере әлеуметтік желідегі парақшасында.
Араға көп уақыт салмай, Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Бурханеттин Булут Анталья әкімі Мухиттин Бөчектің де қамауға алынғанын растады.
«Сот жүйесін саяси кек алу құралына айналдырғандар заңды емес, өз билігін сақтап қалуға ғана мүдделі. Біз халықтың еркіне қарсы бағытталған бұл лас жүйеге ешқашан мойынсұнбаймыз», — деді ол мәлімдемесінде.
Тергеу аясында барлығы 10 адамға қатысты қамауға алу туралы ордер шығарылған. Оларға тағылған айыптар — жергілікті билікте қаржы жымқыру және өкілеттікті асыра пайдалану күдігі.
Биылғы наурызда CHP-нің тағы бір беделді өкілі — 2028 жылғы президент сайлауында Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы ретінде қарастырылған Стамбул мэрі Экрем Имамоғлуның қамауға алынуы ел ішінде кең ауқымды наразылыққа себеп болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық