Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеу жөніндегі редакция алқасының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорда хабарлағандай, жиын барысында басылымның алғашқы томы — көне дәуірге арналған бөлім қаралды. Онда мазмұндық құрылым, ғылыми тұжырымдама және иллюстратив материалдар сарапқа салынды.
Академиялық томның жетекшісі, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы баяндамасында томның негізгі концептуалдық қырларын таныстырды. Ұсынылған нұсқаға Ұлттық ғылым академиясының академигі Жәкен Таймағамбетов, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц және тарихшы Нұрсан Әлімбай секілді сарапшылардың рецензиялары тыңдалды.
Редакция алқасының мүшелері ұсынылған құрылым мен мазмұн бойынша пікір алмасып, алда тұрған дайындық кезеңдеріне назар аударды. Басылымның макетін бекіту мен баспаға дайындау – алқаның алдағы міндеті ретінде белгіленді.
Келесі отырыс 2025 жылдың тамыз айында өтеді. Онда академиялық көптомдықтың екінші томы – ежелгі заманнан кейінгі кезеңді қамтитын бөлім талқыланбақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық