Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті
Иллюстрация DALL-E көмегімен жасалды
Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде Дональд Трамп жазды. Оның айтуынша, келісімге АҚШ-тың делдалдығымен қол жеткізілген, деп хабарлайды Orda.kz SVTV NEWS телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Америка Құрама Штаттарының делдалдығымен өткен ұзаққа созылған түнгі келіссөздерден кейін мен Үндістан мен Пәкістан ТОЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕУ оқ атуды тоқтату туралы келіскенін қуана жариялаймын. Екі елді де құттықтаймын!» деп жазды АҚШ президенті.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Үндістан мен Пәкістан бейтарап аумақта кең ауқымды мәселелер бойынша келіссөздер бастауға келісті деп мәлімдеді.
Deutsche Welle мәліметінше, Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар оқ атуды тоқтату туралы ақпаратты растады.
Еске салсақ, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Үндістан мен Пәкістан бір-біріне шабуыл жасады. Шабуылды Үндістан бастады. Ал Пәкістан Үндістанның ракетамен шабуыл жасағанына жауап қайтаратынын мәлімдеді. Көп ұзамай Пәкістан Үндістанға қарсы соққы жасады.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс 2025 жылдың сәуірінде Пахалгамдағы лаңкестік шабуылдан кейін күрт шиеленісіп, содырлар 26 туристі өлтірді.
ВВС Пәкістан армиясының соққылары террористерге емес, жай халық тұратын аудандарға келіп түскені туралы мәлімдемесін келтіреді.
ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан қатынасын одан әрі шиеленістірмеу үшін, ұстамдылыққа шақырды.
10 мамырда G7 және Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Үндістан мен Пәкістанды барынша ұстамдылыққа, дереу деэскалацияға шақырды.
Үндістан СІМ елдер арасындағы бітімгершілік үнді уақыты бойынша сағат 17: 00-де күшіне енгенін хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық