Үндістан мен Пәкістан бір-біріне қарулы шабуыл жасады
Фото: Бейнеден кадр
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Үндістан мен Пәкістан бір-біріне шабуыл жасады. Шабуылды Үндістан бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Үндістан қарулы күштері Пәкістан мен Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы бөлігіне ракетамен соққы жасады. Олар шабуылды «Синдур» операциясы деп атады. Үндістандықтар тоғыз нысанға соққы жасаған.
Ал Пәкістан Үндістанның ракетамен шабуыл жасағанына жауап қайтаратынын мәлімдеді. Көп ұзамай Пәкістан Үндістанға қарсы соққы жасады. Бұл туралы Samaa TV арнасы тікелей эфирінде хабарлады. Кейін Пәкістан әуе кеңістігін 48 сағатқа жапты. Елдің қорғаныс министрлігінің өкілі әскери авиацияның әуеге көтерілгенін мәлімдеді. Пәкістанда Үндістанның шабуылы салдарынан кем дегенде 8 адам көз жұмып, 35 адам жараланған. Екеуі хабар-ошарсыз кетті. Соққылардың бірі мешітке тиген. Пәкістан бұл шабуылды «ашық соғыс әрекеті» деп атады.
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш елдерді барынша ұстамды болуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 26 турист қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық