Ыдысты дұрыс жумағаным үшін қолымды күйдірді: Асыранды 10 баланың ауыр тағдыры

2024 жылы әлеуметтік желіні шулатқан Сафия есімді қыз қыстың суығында анам ұрды деп үйден қашып кеткені туралы бейнежазба тараған болатын. Сафияны 10 жасынан асырап алған Салтанат Сапар Orda.kz редакциясына аяқтан шалып, өзіне жала жабылып жатқаны туралы, сонымен қатар білім бөлімі жетімдерді саудалайтынын айтып сұхбат берді.
Orda.kz редакциясы жалпы патронаттық аналар мен отбасы үлгісіндегі балалар үйі туралы оларға ай сайын қанша төленетінін және балаларды асырап алу үшін не істеу керектігін жан-жақты зерттеп көрді.
Салтанат Сапардың үйінің статусы отбасы үлгісіндегі балалар үйі. Оның асырауында 10 бала болған. Тіпті арасында асқазанынан мүгедектігі бар бала да болған. Салтанат Сафияны 10 жасынан асырап алды. Ақпанның 2 сі күні Сафия жеңіл киіммен далаға қашып кетеді. Салнататтың айтуы бойынша Сафия сол күні жүргізушінің ақшасын ұрлап алған екен.
«Бұл қылмыстық іс менің асырап алған Сафия есімді қызым үстіндегі жеңіл кимімен қыстың суығында үйден қашып кеткендігінен басталды. Сафия қызым ұрлыққа жақын еді. Жүргізушінің ақшасын ұрлап алғандықтан мен оны полиция қызметкерлерін шақырамын деп қорқыттым. Сол себепті ол үйден қашып кетті. Үйімнің жанында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Динара Шоңбаева тұратын. Қызым соның үйіне қарай қашып кетті. Динара видеоға түсіріп, дау шығарды. Уақыт өте келе естідім менің Сафия деген қызымды айналшықтап асырап аламын деп айтып жүр екен», - деді Салтанат.
Салтанаттың айтуы бойынша жетімдер үйінен балаларды ешкім асырап алғысы келмейтін көрінеді. Көбінесе отбасы үлгісіндегі балалар үйінен асырап алғысы келетіндер көп деседі.
«Менің 10 баламның 5 еуі мектепте үздік оқушылар. Тәрбиелі, таза сол себепті Жамбыл аудандық білім бөліміне ақша беріп басқа патронаттық аналар менің балаларымды тартып алды. Сафияны ары-бері тасып жүргенде өкпесіне суық тиіп реанимацияға түсті. Содан білім бөлімі маған егер қызға бірдеңе болса сен жауапты боласың деді, білім бөліміндегілер маған өз еркіңмен Сафиядан бас тартуымды ұсынды мен келістім. Тек Сафиядан ғана емес тағы екі қыздан бас тарттым», - дейді Салтанат.
Салтанаттың мәліметінше сәуірдің 4 - і күні түнгі сағат 00:00 де қалған 7 баланы білім бөлімінің басшысы Серғазы мен прокурор келіп үйінен алып кеткен екен.
«Балаларымның арасында 6 айлығынан асырап алған қыздарым бар еді олар тіпті менің өз аналары емес екенімнен хабары жоқ болатын. Тағы 5 туған ағайынды бауырлар болды. Оларды көшеде қоқыстан тамақ теріп жүрген жерінен білім бөлімі өздері қарай тұрыңыз деп әкеп берген. Екі ай қарап бауыр басып қалдым, араға 1 жыл салып осы балаларды қайтадан өзім асырап алдым. Ағайындылардың арасында мүгедектігі бар баланы шубат беріп аяғынан тұрғызып алдым», - деді Салтанат.
Балалардың арасында үлкен жастағы балалар төсекке жіберіп қоятын және түрлі инфекциямен ауыратын балалар да болған. Салтанаттың айтуынша, Сафияны қанша тойдырса да қоқыстан тамақтанғады немесе ұрлап жегенді жақсы көреді екен.
«Енді маған қылмыстық іс қозғалып жатыр. Балаларға дұрыс қарамаған деп, екі бап бойынша. Бірінші сот менің пайдама шешім шығарып берді. Білім бөлімі апеляциялық шағым түсіріп, қазір сот қайта жүріп жатыр. Осы оқиғадан кейін аузым қисайып, ауырып қалдым. «Астарлы ақиқатқа» барып сұхбат бердім, эфирге 10 минут қана шығарды. Мен 7 баламды қайтарып алғым келеді. Сол үшін барлық есіктің алдын тоздырып жүрген жайым бар. Мен әлі 7 баланың заңды өкілімін, соған қарамастан екі қызымды Түркістанға патронаттық анаға беріп жіберген», - деп көз жасына ерік берген Салтанат өз шындығын айтып берді.
Оқиғаның екінші жағы
Orda.kz тілшісі осы оқиғаның мән-жайын анықтап, Ұзынағаш ауылына барып зерттеу жасап келді. Облыстық білім бөлімі, Рысқұлов мектебі мен лицей, интернат сонымен қатар Салтанаттың көршілерімен тілдесті.
Жамбыл аудандық білім бөліміне барғанымызда, барлық видео құжаттарды қолымызға ұстатып, бізге өз шындықтарын айта бастады.

«Алғашында ол Ролина мен Каролина атты екі қызды қанатының астына алды. Алайда, кейіннен қамқоршы мәртебесін өзгерту туралы шешім қабылдап, отбасылық үлгідегі балалар үйінің иесі болу үшін құжаттарын тапсырған. Мұндай мекеменің келісім шарты бойынша отбасында 6-дан 10 балаға дейін болуы керек», - деді бізге қамқоршылық бөлімінің бас маманы.
Осыған байланысты Салтанат бес ағайынды бауырларды өз қамқорлығына алып, өзінің балалар үйіне орналастырды. Осыдан кейін отбасын кеңейтіп, тағы үш қызды қабылдады.
Олар Салтанат айтқан бейнежазбаны көрсетті. Бейнежаздан Сафияның әбден қорыққанын және денесіндегі көгерген іздерді көрдік.

Комиссия Салтанатқа барып тексергенде, ұлдардың барлығы бір бөлмеде тұратыны анықталды. София мен Анель үшін матрацы жоқ екі ағаш төсек қана берілген. Олар тек жұқа көрпе жабылған тақтайлардың үстінде ұйықтады. Балаларды ұстау жағдайлары олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне арналған стандарттар мен негізгі талаптарға сай емес.
Ролина мен Каролинаның басқа аймаққа қалай жіберіліп, әртүрлі отбасыларға неге берілгенін сұрағанымызда қыздарды алып кеткеннен кейін оларды қайтадан балалар үйіне жібергенін айтты. Ал ол жерде оларға Түркістан облысынан жаңа патронаттық отбасын тауып үлгерді.

Orda.kz журналистері Салтанаттың балалары оқитын мектепке де барды. Анықталғандай, үш бала мен София 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған жаңа лицей мектебінде білім алған. Балалар осы оқу орнының қабырғасында өткізген жарты жыл ішінде сынып жетекшілері де, мектеп әкімшілігі де оқушыларының күйзеліске ұшырағанын немесе күйзеліп жүргенін байқамаған. Ұлдар бастауыш мектепте оқып, жақсы баға алды. Олар әрқашан ұқыпты және сабаққа толық дайындалып келіп жүрген.

Рас, Софиямен бір жанжал болды. Қыз сынып жетекшісінің сөмкесінен ақша ұрлап кеткен.
«Мен оны өз кабинетіме шақырдым. Біз онымен сөйлестік. Қыз ашық, көпшіл. Ол ұрлығын өзіне тәттілер алмақ болғанымен түсіндірді», - дейді мектеп-лицей директоры.
Ол кезде білім мекемесінің әкімшілігі бұл оқиға туралы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға да, білім бөлімінің қорғаншылық бөліміне де хабарламаған. Рас, София енді мұндай әрекет жасамайтынын айтқан.
Оқиғадан кейін Салтанатты мектепке шақырып, қыздың ескі ұрлық әдетінен арыла алмайтынын түсіндірді. Қамқоршы баламен салиқалы сөйлесуге, бұл жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді. Сондай-ақ, ол бұл жағдайды қорғаншылық органдарына хабарлауды өтініп, патронаттық ана ретінде бұл балалардың болашағына кері әсер етуі мүмкін деп қорқатынын түсіндірді.
Қыз мектепке етігі тесіліп, қолы күйіп келген
Бірақ Салтанат Сапар Әнелдің тағы бір асырап алған қызы оқитын Т.Рысқұлов атындағы мектепте олардың қамқоршы туралы пікірі басқаша және олар қыздың тұрмыстық психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты.
«Мен Әнел мен оның әпкесі Даринаны Қонаевтан өзім әкеліп, асырап алған анасына тапсырдым. «Ол кезде қыз көңілді және көпшіл еді», дейді мектептің әлеуметтік қызметкері Жанат Жақсылықова.
Мектептегілер қыздың мінез-құлқындағы өзгерістер бір жылдан кейін байқалғанын айтады. Әнел жасырынып, көзге түспеуге тырысып, қысылатын болған. Алғашқы көзгн түскен белгі – қыздың мектепке біртүрлі шаш үлгісімен келгені.
«Әнелдің ұзын шашы әдемі болған. «Міне, қыз қысқа, жалаң қиылған шашпен келді», - деп жалғастырды Жанат.
Салтанат қыздың басын бит басып, шашын қырқуға мәжбүр болғанын түсіндірді.


Бір күні Әнел мектепке екі-үш өлшемді тым үлкен жыртық етікпен келді. Оның табаны да тесілген. Бала асырап алған ана кей балаға аяқ киім алып үлгермегенін айтты. Рас, бір-екі күннен кейін қыз жаңа аяқ киіммен келген.
Қыздың достарының ата-анасы хабарласқан, Әнелдің сынып жетекшісінен мынадай ақпарат келді. Олар балалардың жазысқан хаттарын көрсетті, онда Әнел қарны аш екенін айтып, шағымданған. Сондай-ақ, ол сыныптастарына шикі күріш тауып жегенін айтқан.
Директордың кабинетінде Салтанат баланың қиялшыл екенін, үнемі өтірік айтатынын айтып, бәрін кінәлады.
«Бірақ қыздың қолы күйіп мектепке келгені соңғы белгі болды. Біз қыздан осы туралы сұрағанымызда, ол анасы ыдыс-аяқты жақсы жумағандықтан қолын қайнаған суға күйдіргенін айтты», - деді мектеп директоры Эльмира Мақашева ашуланып.
Ал бұл жолы Салтанат қыздың өтірік айтып тұрғанын, ыстық-суық су шүмегін шатастырып, абайсызда өзі күйдіріп алғанын айтып, ақталғысы келді. Айтпақшы, журналистер Сапардан қыздың қалай қолын күйдіргенін сұрағанда, ол баланың ыстық сорпа алғысы келіп, күйіп қалғанын айтты.
Ешкім бұдан кейін асырап алған ананың сылтауын тыңдағысы келмеді, оның айқайларына шыдады. Мектеп қамқоршылық органдарынан Әнел мен оның сіңлісі Даринаны асырап алған анасынан қайтарып алуды сұрады.

Құжатта Әнелдің жиі қудалауға шағымданғаны, үнемі аш жүретіні және еденде ұйықтайтыны көрсетілген. Оңаша сөйлескенде Әнел асырап алған анасына ештеңе айтпауды өтінді, өйткені ол одан қатты қорқатын.
«Салтанат Сапар қыздарды өз еркімен берген жоқ. Оның отбасынан балаларды тартып алуға бастамашы болған мектеп болды», - деп Эльмира Мақашева жалғастырды.
Олар үшін патронаттық отбасынан гөрі жетімдер үйі жақсы болды.
Orda.kz журналистері сот шешімі шыққанға дейін Әнел мен Дарина орналасқан мектеп-интернаттың басшысымен де сөйлесті. Оның айтуынша, қыздар сабырлы болған. Олардың шикі күріш немесе шикі тағамдарды жеу сияқты әдеттері болмаған.
«Салтанат келіп Әнелмен сөйлесті. Ол балаға тек кіші қыздың кесірінен ғана шыдағанын айтты», – дейді Айгүл Қанатбекқызы.
Мұғалімдер Әнелдің мектепке барғанды ұнатқанын және интернат қызметкерлерінің сатып алған киіміне риза болғанын айтады. Ал ол балалар үйіне арналған интернаттан күлімсіреп, қуанып шықты.


Әнелі мен Дарина ұсталған соң Салтанат Сапар отбасы ерекше бақылауға алынды. Бірақ оның үйіне кіру қашан да қиын еді. Комиссия келген сайын патронаттық ананы үйінен таппайды. Олар әрқашан келетіндерін алдын ала хабарласа да ол үйінде тұрмайды.
«Мен Сапардың үйіне қыста бір рет баратынмын, аяқ киімдер шашылып, үй іші ретсіз болатын. Ол үйде бөлмелерді аралап жүрген біртүрлі адамдар болды, Салтанаттың айтуынша, олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан», - дейді Т.Рысқұлов атындағы мектептің әлеуметтік қызметкері Жанат Жақсылықова.
Әнелді алып кеткеннен кейін бір-екі айдан кейін Сафия үйден қашып кетеді. Қарау кезінде баланың денесінен көгерген жерлер анықталды. Осы оқиғадан кейін қамқоршылық органдары барлық балаларды алып кеткен. Олар Бағанашылдағы №1 ықшамауданындағы облыстық балалар үйіне түсті. Жұмагүл Батталованың айтуынша, балалар оларға ерекше қамқорлық болмаған. Үлкендері кішілерінің киімдерін жуып, бір-біріне қарайтын.
Балалар мәңгілік психологиялық жарақат алды
Orda.kz кәсіби дағдарыс психологы Людмила Должиковадан алдымен бір патронаттық отбасына, кейін екіншісіне орналастырылған немесе балалар үйіне қайтарылған баланың психологиялық жарақаты қаншалықты ауыр екенін сұрады.
Баланы отбасына көшіру немесе балалар үйіне қайтару бала үшін өте қиын, ауыр психологиялық жарақат. Алдымен олар оған: «Сен енді отбасының мүшесісің» деп үміттендіреді, содан кейін кенеттен олар: «Жоқ, олар қателесті» дейді.
Бала үшін бұл сатқындық. Ол үлкендерге деген сенімін жоғалтады. Бұл жай ғана жағдайдың өзгеруі емес, ең алдымен баланың психикалық дамуын бұзады.

Әрбір жаңа әрекет оның психикасына соққы. Алғашында балада үміт болады, екінші немесе үшінші қадамнан кейін ол жақсы өзгеріске сенбейді. Ол: «Олар мені бәрібір тастап кетеді» деп, ешкімге сенбейді. Мұндай балалар шамадан тыс қобалжып, үлкендерге сенімін жоғалтады, әсіресе жасөспірімдерде депрессия басталады.
Мен 10-14 жас аралығындағы балалардың қол-аяғын кесіп тастағанын немесе өз-өзіне қол жұмсау туралы қатты ойлайтынын көрдім. Олар: «Мен ешкімге керек емеспін, онда өмір сүрудің қажеті қанша?» деп ойлайды. Жасөспірімдер агрессивті немесе мүлдем немқұрайлы. Олар бүлік шығара бастайды, үйден кетіп, мұғалімдермен қақтығысады немесе, керісінше, олар суықтап, алыстай береді.
Кіші мектеп оқушылары (6-10 жас) кінәсін және қорқынышын көбірек білдіреді. Олар өздері жақсы болмағандықтан қайтарылды деп ойлайды. Мәселен, алдымен отбасына қабылданып, кейін қайта оралған жеті жасар бала мектепте кекештеніп, кіші дәретін ұстай алмай, тұйық болып кеткен.
Кейбір балаларда ашуланшақтық, көңіл-күй, қараңғыдан қорқу, агрессивті мінез-құлық, зәр ұстай алмау пайда болып, мектептегі үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін.
Мұндай тәжірибелерді толығымен жою мүмкін емес, бірақ балаларға кінә сезімін және басқа да жарақаттарды жеңуге көмектесуге болады. Барлығы жасына, қоршаған ортаға және психологиялық қолдау сапасына байланысты. Кіші жастағы оқушылардың өздерін кінәлі сезінуі көбінесе олардың бас тарту себептерін түсінбеуімен байланысты. Олар: «Мен жаман болдым, сондықтан мені қайтарып берді» деп ойлайды.
Үлкендердің міндеті – мәселе балада емес, жағдайда екенін түсіндіру. Мысалы: «Сен кереметсің, ересектер оны көтере алмады» дегендей. Жасөспірімдер көбінесе реніш, наразылық білдіріп, оқшауланады. Олар: «Мені сатып кетті», «Маған бәрібір» деуі мүмкін, бірақ іс жүзінде қайғы іште қалады. Оларға өз сезімдерін білдіру үшін кеңістік беру, олардың құндылығы біреудің мінез-құлқына байланысты емес екенін түсінуге көмектесу маңызды.
Белгі қалады, бірақ міндетті түрде жарақат түрінде емес, егер бала тәжірибені түсінуге көмектесетін түсінетін ересектерді кездестірсе, ол одан күшке айнала алады. Тастауды бастан өткерген көптеген балалар басқалардың қолдаушысы болады. Бірақ бұл үшін олардың өздері қолдау алуы керек.
Orda.kz тілшілері балаларды Салтанат Сапарға тапсырған қамқоршылық органы қызметкерлерінен олардың бөлімінде асырап алушы ата-аналарды бағалай алатын кәсіби ересек психологтар бар ма деп сұрады.
«Құжаттарды жинау кезінде біз әрқашан психикалық, денсаулық және наркологиялық орталықтан анықтама талап етеміз», - деп жауап берді бізге мемлекеттік мекеме қызметкері.
Білім және қорғаншылық бөлімдерінде әлеуетті қорғаншылардың физикалық ғана емес, психологиялық жағдайын да сапалы бағалай алатын кәсіби психологтардың жоқтығы қатты алаңдатады. Адамның жақсы тәрбиеші болу және балаға қауіпсіз, тұрақты ортамен қамтамасыз ету қабілетін жан-жақты талдаудың орнына, кейбір жағдайларда психиатриялық немесе нашақорлық диспансерінің анықтамасы жеткілікті сияқты.
Алайда, мұндай құжаттың болуы, тәжірибе көрсеткендей, адамның басқа біреудің баласын тәрбиелеу және оған күтім жасау сияқты қиын тапсырманы жеңе алатынына ешқандай кепілдік бермейді.
Баланың болашағына жауапкершілік жан-жақты бағалау мен дайындықтан басталады, жай нәрсемен шектелмейтін ұқыпты да байыпты жұмысты қажет етеді.
Келесі мақалада Orda.kz өз оқырмандарын осы оқиғаның басқа қатысушыларымен таныстырады.
Жаңалықтар
- Депрессия салдарынан атыраулық әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді
- Алматыдағы «Ақсай» су қоймасы 80 пайыз дайын
- Отанымыздың табиғатын сақтау тақырыбында «Жер сағаты» акциясы өтті
- Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты: Халық зардап шегуде
- Алматы облысында қар көшкіні жүрді
- Елшілік Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады
- Машкевичті Еуропада жерлейтін болды
- Стамбұл мэрі қамалып, оған сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылды
- Ұлттық жоспар, доктриналар мен кешенді жоспар жобалары көпшілікпен талқыланбайтын болды
- Еліміздің барлық өңірінде Наурызнама онкүндігін түйіндейтін – Тазарту күні өтіп жатыр
- Қазақстанның футбол құрамасы Уэльспен өткен матчта тарихи гол соқты
- «Америка дауысы» қызметкерлері Трамп әкімшілігін сотқа берді
- Алматы тауларында төрт адам жоғалды
- Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды
- Тоқаев Кирсти Ковентрині Халықаралық олимпиада комитетінің президенті болып сайлануымен құттықтады
- Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар
- Уэльспен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасының бастапқы құрамы белгілі болды
- Трамп Байден, Харрис және Клинтонды құпия мәліметтерге жолатпайтын болды
- Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндерін шырқады
- Александр Машкевич дүниеден озды – БАҚ