Вакцина алғандар неліктен жария етпейді

Көптеген қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаға сенімсіздікпен қарайды. Олар өздерінің қорқыныштарын вакцинаның әлі толық зерттелмегенімен түсіндіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде көптеген теріс ақпарат тарауда. Дегенмен, егу кабинеттері тіпті өңірлерде де құр бос тұрған жоқ.
Orda.kz тілшісі Спутник V вакцинасының бірінші компонентінің әсерін сынап көрді. Және кейбір адамдар неге вакцина алғандарын жарияламауды жөн көретінін білді.
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, бүгінгі күні өңірде 107 егу пункті ұйымдастырылған, оның ішінде 74 – і жұмыс істеп тұр.
— МСАК ұйымдары қосымша 20 егу кабинетін ашуды жоспарлап отыр, сапар кезінде вакциналау барысында «суық тізбекті» қамтамасыз ететін термоконтейнерлермен жабдықталған 35 жылжымалы/көшпелі бригада ұйымдастырылды. МСАК ұйымдары арасында КВИ-ға қарсы вакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізу үшін ірі кәсіпорындар, медициналық ұйымдар (стационарлар мен диспансерлер), құқық қорғау және санитарлық – эпидемиологиялық бақылау мекемелері бөлінді, - делінген хабарламада.
Коронавирусқа қарсы вакциналауға DamuMed қосымшасы, Egov.kz порталы арқылы жазылуға, сондай-ақ жеке куәлікті өзімен бірге алып, кезек тәртібінде екпе алуға болады. Айта кету керек, екпе кабинеттерінде кезек жоқ, дегенмен иммундау рәсімінен өтуге ниет білдірушілер жеткілікті.
Алдымен тексеруден өту керек. Сатурация, қысым, температура өлшенеді, аллергиялық реакциялар және вакцинаға кері әсер беретін аурулардың болу мүмкіндігі туралы сауалнама жүргізіледі. Әр адаммен жеке сөйлеседі. Сондықтан, болжам жасамау үшін дәрігерге барып, вакциналауға болатын/болмайтынын білген жөн. Содан кейін ерікті ақпараттандырылған келісім немесе профилактикалық егулерді жүргізуге бас тарту бланкісі толтырылады.
Олар мүмкін болатын кері әсерлер жадынамасымен танысуға рұқсат береді. Мұнда олар аллергиялық реакциялардың, невралгияның, неврологиялық бұзылулардың дамуы мүмкін екенін ескертеді. Үш күн бойы ине салынған орынды сулауға, алкоголь ішуге болмайды. Вакцина сол қолдың бұлшық етіне терең енгізіледі. Осыдан кейін вакциналанған адам жарты сағат бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек. Адамдар тіпті отбасыларымен вакцинаға барады. Юрий Дроздов емханаға әйелімен бірге келді.
— Ауырғым келмейді. Жасым 59-да. Қатты ауырған таныстарым болды. Олардың басынан өткенді кешкім келмеді, - дейді Юрий.
— Учаске бастығы вакциналануға кеңес берді. Мені ешкім мәжбүрлемеді. Өзім келдім. Фельдшерге рақмет. Қолы жеңіл екен, дейді Александр Артименко
— Осы қорқынышты аурумен күресуде басқа амал жоқ. Және менің ойымша, вакцинаны бәрі алу керек. Сондықтан бүгін мен тіркелген жерім бойынша емханаға келдім. Вакцина алдым. Өзімді жақсы сезінемін, - дейді Бақыт Байкенова.
Вакцина алғандардың арасында екпе алғандығы туралы жария еткісі келмейтіндер де көп болды. Олар мұны адамдардың екіұшты қабылдауымен түсіндіреді. Көбісі вакцинаға сенбейді.
Вакцинадан кейінгі бірінші күні Orda.kz тілшісінің температурасы 38.5 градусқа дейін көтерілді. Бұл бас ауруы, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, бас айналу және қалтыраумен бірге жүрді. Екпе орны да ауырды. Екінші күні температура – 37.8 -ден төмен болды, сонымен қатар жалпы нашар сезіну болды. Үшінші күні жағдай жақсарды және ештеңе мазаламады.
— Алайда, мұндай реакциялардың пайда болуы жиі кездеспейді. Вакцина алғандардың көпшілігі өздерін әдеттегідей сезінеді.
Біздің емханада үш вакцина кабинеті ашылды. Сондай-ақ, Солнечный кентінде қосымша бір кабинет, БМСК орталығында бір кабинет бар. Бұл кабинеттер сағат 8-ден 18-ге дейін жұмыс істейді. Иммунитетті табиғи жолмен дамыту біз үшін тым қымбат.Өздеріңіз білетіндей, өлім жағдайлары бар. Сондықтан бүгінгі таңда ең оңтайлы шешім – вакцина алу. Барлық уақытта вакцина алғандар арасында асқынулар болған жоқ. Температура қысқа уақытқа көтеріліп, екпе орнында ауырсыну болған жағдайлар бар, - деді Екібастұз қалалық №2 емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ермек Нұржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жүкті, бала емізетін әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар екпе алмайды.
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Спутник V вакцинасының бірінші компонентімен 23 025 адам егілді, ал екінші компонентін 4464 тұрғын алды.
Orda.kz редакциясы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы туралы Кодекске сәйкес әрбір азаматтың ақпараттандырылған келісімге немесе вакциналаудан бас тартуға құқығы бар екенін және оны мәжбүрлеуге ешқандай дол жоқ екенін еске салады.
Авторы: Полина Нечаева, Екібастұз
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты