ҰҚК сайлау күні тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған бір топ адамды ұстады
2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлау және ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Айғақты заттар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тәркіленді.
Прокуратураның санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктерді, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл ұйымдастыруға дайындықтары құжатталған.
Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, құпиялылық шараларын сақтай отырып, кезекті отырыстарда қылмыстық жоспарлар талқыланған.
Олар қылмыс жасау үшін қару-жарақ – Калашников автоматы, «Меркель» винтовкасы, екі тегіс ұңғылы кесілген шолақ мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдері» деп аталатын сұйықтық бөтелкелерін сақтайтын қойма жасаған.
Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды