ҰҚК лаңкестердің елге басып кіру әрекеті болуы мүмкін жағдайға қатысты оқу-жаттығу өткізді
2023 жылғы 27 сәуірде Шымкент қаласындағы «Ақтас» далалық оқу орталығында түрлі террористік көріністерге қарсы іс-қимыл жасау үшін күш құрылымдарының жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған «Найза-антитеррор-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқу-жаттығуға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және Шекара қызметінің арнайы бөлімшелері қатысты.
Жаттығудың мақсатына орай күш құрылымдарының арнайы бөлімшелері терроризмге қарсы операцияларды жүргізу бойынша күштері мен дағдылары кезең-кезеңімен көрсетілді. Арнайы операция күштері мен Шекара қызметі күштерінің терроризм актілеріне қарсы іс-қимыл жүйесіне ықпалдасуы қамтамасыз етілді.
Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы бөлімшесі жауынгерлік жағдайда елді мекенде террористік топты залалсыздандыру бойынша күштік операциялардың әдістерін пысықтады.
Өз кезегінде, Қорғаныс министірлігінің Арнайы операциялар күштері және ҰҚК ШҚ арнайы мақсаттағы басқармасы шекара маңындағы террористерді бейтараптандыру, сондай-ақ мемлекеттік шекараны бұзуға жол бермеуге бағытталған іс-шараларды көрсетті.
ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі және ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағы әкімшілік ғимаратта кепілге алынғандарды босату бойынша оқу-арнайы операциясын өткізді.
Республикалық және жергілікті арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының жауынгерлік үйлесімділігі арттырылды. Шымкент қалалық терроризмге қарсы жедел штабы мүшелерінің террористік көріністерге қарсы тұру бойынша практикалық дағдылары бекітілді.
Оқу-жаттығу соңында күштік ведомстволардың қару-жарақтары мен техникаларының көрмесі көрсетілді.
Сонымен қатар, ҚР Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін алғаш рет БАҚ-та «ыстық» нүктелердегі оқиғаларды жариялау, сондай-ақ терроризмге қарсы операция аймағында қауіпсіздік шараларын сақтау дағдыларын пысықтай бағытталған семинар-тренинг өткізілді.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысы өткізілді, оның барысында өткізілген оқу іс-шараларға оң баға берілді. Күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігі мен олардың террористік қатерлерді уақтылы тойтаруға дайындығын арттыру бойынша қосымша шаралар қарастырылды.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты