Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Orda.kz.
Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мерекесін — қазаққа қатысы жоқ деген сияқты қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлар тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен түсіндірді.
«Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституция қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді» , деп түсіндірді Бас прокуратура.
Құзырлы мекеменің мәлімдемесінде журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылатыны жазылған. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдындағы сөзі арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
«Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидалары мен объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз.
Осыған орай қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздық қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабымен қарастырылып, ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
«Бұндай әрекет діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде сараланады, бұл үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген», деп хабарлады Бас прокуратура.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратуға жол бермеуге, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерді таратпауға шақырды.
Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылданатыны ескертілді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық