Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
Фото: Pixabay
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары ойдан шығарылған жалған оқиға үшін жалпақ жұрттан кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі күн бұрын жұрт өретүрегеліп, наразылық танытқан Тараздағы №51 мектептің оқушысын «жеті қыз жабылып кастетпен ұрып, жансақтау бөліміне түсірді» деген ақпарат таралған болатын.
Жәбірленушінің жақындары оқиға қала көшелерінің бірінде болғанын айтып, бір топ қыз жабылып, мектеп оқушысын ұрып-соқты деп шу көтерді. Олардың айтуынша шабуыл кезінде қыздар кастет қолданған.
Сонымен қатар осы оқиға салдарынан қыз ауыр жарақат алып, екі күн жансақтау бөлімінде жатыр деген әңгіме де БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Тіпті оның біраз уақыт жүре алмай, мүгедектер арбасымен қозғалғаны да айтылды.
Алайда полиция әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Тергеу барысында кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта жәбірленуші үйінде амбулаторлық ем қабылдап жатыр» деп жазылған полиция департаменті хабарламасында.
Сонымен қатар қалалық әкімдік те жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскенін жоққа шығарды.
«Жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат жалған. Оқиға 6 наурыз сағат 16:00 шамасында болған. Қыздар өзара мәмілеге келу үшін кездескен. Сөзге келіспей жанжалдасқан. Сол кезде оқушы балалар ауруханасына түскен. 11 наурызда оқушы үйіне шығарылды», - деді әкімдік қызметкерлері.
Туыстары оқиғаға қатысты бейнежазба бар екенін айтып, соған қарамастан күдіктілер әзірге бостандықта жүргенін мәлімдеп, бұл іс қоғамда кәдімгідей резонанс тудырды. Онымен қоймай, жәбірленуші тарап қазіргі уақытта өздеріне белгісіз адамдардан қоқан-лоқы жасап жатқанын айтып, жергілікті полициядан шара қолдануды сұраған еді.
Кейіннен істің мән-жайы анықталып, жалған ақпарат бергендері үшін кешірім сұрады. Екі күннен кейін жәбірленушінің жақындары бейнежазба түсіріп бұл деректерді жоққа шығарды.
«Мен, Бисембетова Гүлбаршын 17-сі күні Тараз қаласындағы №51 мектепке балаларымды орналастырғанмын. Тараз қаласының тұрғыны боламыз», — дейді бейнежазбадағы әйел.
Қыздың туыстары шынымен төбелес болып, ауруханаға түскенімен ешқандай да жансақтау бөліміне жатпағанын, кастетпен ұрмағанын айтты.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі жасөспірімдер ата-анасымен бірге полицияға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп оқушыларының төбелесінен қыршын өмірлер қиылып жатыр
- Баламды ешкім ұрған жоқ: Қонаевтағы ауруханаға түскен оқушы туралы тың ақпарат мәлім болды
- Жамбыл облысындағы мектептегі буллинг: Балалар құрбан болып жатыр, жауаптылар оны жасырып әлек
Жаңалықтар
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті