Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
Фото: Ашық дереккөзден
Тараз тұрғыны күйеуінен алтын сатқанын жасыру үшін «өзін-өзі тонап» жалған мәлімдеме жасаған. Таразда бетперде киген қарақшының шабуылы туралы хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарына өзін шабуыл құрбаны ретінде көрсеткен. Оның сөзінше, үйіне бетперде киген белгісіз ер адам кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткен. Әйелдің арызынан кейін полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, жедел қызметті іске қосқан.
Алайда көп ұзамай мұндай шабуылдың мүлде болмағаны анықталды.
«Әйел күйеуімен жанжалдан құтылу үшін қарақшы туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде, ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуінің рұқсатынсыз сатып жіберген», деп хабарлады полиция.
Енді әйелдің өзі заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Полицияға жалған хабар бергені үшін оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы — көрінеу жалған шақыру бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес жеке тұлғаларға 60 айлық есептік көрсеткіш (259 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Еске салсақ, былтыр жолаушының қылжағына бола әуежайдың жұмысы тоқтап, бүкіл Атырау әуре-сарсаңға түскенін жазғанбыз. Атырау облысының полиция қызметкерлері мен ҰҚКД жолаушыларды эвакуациялап, терминалды қоршап алып, шұғыл қызметтерді шақырған. Тексеру қауіпсіздік бойынша алаңдайтын негіз жоқ екенін көрсетті. «Қылжақбас» жарылыс туралы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды.
Бұл жағдайда полиция істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы — терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша тіркеді.
Оқи отырыңыз:
- Қатарынан төрт әуежайға ұшақ «миналанғандығы» туралы хабарланды
- Жолаушының қылжағына бола әуежайдың жұмысы тоқтап, бүкіл Атырау әуре-сарсаңға түсті
- Заңсыз контент және жалған ақпарат: ЕО X әлеуметтік желісіне миллиард доллар айыппұл салмақшы
- Әкімдер атынан «сөйлеген» жалған ЖИ роликтер таралуда
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық