Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
Фото: Elements.envato.com
Алматы тұрғыны жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлға тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы тұрғыны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан. Онда құжатта шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу нормасы алынып тасталды деген мәлімдеме болғаны айтылған.
Алматы қалалық полиция департаментінде бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді. Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар жоба аясында өзгертілмеген және қолданыстағы Конституциядағы ережелермен толық сәйкес келеді.
Жалған ақпаратқа құқықтық баға берілді. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, бұл шамамен 86,5 мың теңге болады.
Полиция өкілдері қоғамдық кеңістікте жалған ақпаратты жариялау немесе тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, тек ресми әрі тексерілген дереккөздерді пайдалануға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- Халық қазақ журналистерінен белсенді азаматтық ұстаным күтеді – Балаева
- Бишімбаев ісі бойынша прокурор Қазақстан халқына үндеу тастады
- QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі 2 айға қамалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық