Түркияда қазақ әйелі жол апатынан қаза тапты
13 қазан күні Түркияның Алания қаласында 38 жастағы қазақстандық Әлия Құлмағамбетова жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.
Бұл туралы оның ағасы хабарлады.
Бағдат Құлмағамбетов өзінің Facebook парақшасында қарындасының өлімінің егжей-тегжейімен бөлісті. Түрік полициясының деректеріне сілтеме жасаған ер адам бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде қарындасы жолдан өтіп бара жатқанын айтты.
«Өмірдегі ең жаман нәрсе - жақын адамыңнан айырылу! Жұма күні, 13-і күні біз Әлия Құлмағамбетова қарындасымыздан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның бүкіл өмірі алда және көптеген жоспарлары бар еді. Ол Аланияда жол апатынан қайтыс болды. D 400 тас жолы, Кестел. Полиция мәліметінше, ол жасыл шам жанған кезде жолды дұрыс жерден кесіп өткен. Сонымен қатар, жол бөлгіш тормен қоршалған, тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші жас қыз екен, ол барлық мән-жай анықталғанша үйіне жіберілген» деп жазды марқұмның ағасы Бағдат Құлмағамбетов.
Бағдат Құлмағамбетов ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураға жол апатынан қаза тапқан қазақстандық әйелдің өліміне қатысты тергеуді бақылауға алуды сұрады.
Жаңалықтар
- Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітті
- Шымкентте Нұрайдың өлімі бойынша іс прокуратураға өтті, отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді
- «Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынды
- Бекет ата мешітіне зияратқа аттанып, хабарсыз кеткен үш адам табылды
- Бір күнде 26 су басу жағдайы: Алматы әкімдігі жаңбыр салдарын жоюмен белсенді күресіп жатыр
- Маңғыстауда Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етуге кеткен үш адам ізім-ғайым жоғалып кетті
- 17 жастағы Алдияр Аңсат жаңа гроссмейстер атанды
- ҚМДБ Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауын берді
- ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шыққан алғашқы команда атанды
- АҚШ пен Иран 11 шілдеде Пәкістанда тағы да бітім тақырыбын қарастырады
- Президент Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
- Қытай көліктері қымбаттады: ZEEKR құны Cadillac және Lincoln-мен бірдей болды
- Еуропадағы рекордтық ыстық Швейцария мұздықтарын ерітіп жатыр
- Алматының Төле би көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды
- Қарағандыда екі «әлеуметтік қызметкер» 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін үптеп кеткен
- Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
- Қазақстан делегациясы Ирандағы аятолла Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысты
- Адам өліміне әкелген жарылыстан кейін «Қазмырышқа» миллиондаған айыппұл салынды
- Елімізде Домбыра күніне орай екі мыңнан астам іс-шара өтеді
- Астанада ірі өрт шығып, көліктер мен жанар-жағармай қоймасы өртенді