Қытай көліктері қымбаттады: ZEEKR құны Cadillac және Lincoln-мен бірдей болды
Фото: chinastocks.net
Шетелден автокөлікті өз бетінше әкелуді жоспарлаған қазақстандықтар қосымша шығынға тап болуы мүмкін. Себебі автокөліктерді импорттау кезіндегі жиынтық кедендік төлемдер шамамен 33,4 %-дан 48 %-ға дейін өсуі ықтимал, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Finratings нарық қатысушылары мәлімдеді. Әзірге бұл өзгерістерге қатысты ресми растау жоқ. Дегенмен тақырып импорттаушылар мен сатып алушылар арасында кең талқыланып жатыр.
Қазақстан бұған дейін қытай автокөліктерін ең көп сатып алатын әлемдегі он елдің қатарына кіргенін ескерсек, бұл жағдайдың өзекті екні рас.
Мақала авторларының айтуынша, талқылауға автокөлік импорттаумен айналысатын компания өкілдерінің мәлімдемелері түрткі болған. Болжам бойынша, өзгерістер бензинмен жүретін көліктер мен параллель гибридтерге қатысты. Ал электр көліктер мен тізбекті гибридтерге әсер ете ме — бұл жағы әзірге белгісіз.
Айта кету керек, әңгіме жаңа баж салығын енгізу туралы емес. Егер ұсынылып отырған өзгерістер күшіне енсе, негізгі салдар импортталатын көліктердің соңғы бағасының қымбаттауы болмақ. Бағаның өсуі тек модельге ғана емес, оның құнына да байланысты болады. Көлік неғұрлым қымбат болса, қосымша төлемдер де соғұрлым жоғары.
Сарапшылардың есебі бойынша, қазіргі уақытта, мысалы, Changan Qiyuan Q07 кроссоверін рәсімдеу шамамен 2,6 млн теңге тұрады. Егер жиынтық төлемдер 48 %-ға дейін өссе, бұл шығын шамамен 3,7 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Яғни тек рәсімдеудің өзі 1 млн теңгеден астамға қымбаттауы ықтимал.
Ал бағасы жоғары санаттағы көліктер үшін қосымша шығындар нарық қатысушыларының бағалауынша 2–5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар автокөліктерді импорттау кезіндегі жиынтық кедендік төлемдердің өзгеретіні туралы ресми құжаттарды жариялаған жоқ. Сондықтан шығындардың өсуі туралы мәлімдемелер әзірге тек нарық қатысушыларының ақпаратына негізделген және ресми түрде расталуы қажет.
Бұрын қытайлық автомобильдер қолжетімді бағамен сатылатын. Бірақ қазіргілері еуропалық және американдық көліктермен шамалас. Сатушылар арасында жетекші орынға ие болған қытайлық дилерлер жыл соңына қарай машиналардың құнын тағы 15-20 пайызға көтереді деп болжанып отыр.
Қытайлық автоөндірушілер ішкі нарықта автокөлікке деген сұраныстың артуына байланысты жергілікті автоөнеркәсіптің бағасын жапондық және корейлік көліктерді айтпағанда, неміс үштігінің деңгейіне дейін көтерді. Мысалы, қазір қытайлық ZEEKR брендінің құны Cadillac және Lincoln сияқты көліктермен бірдей болып тұр. Ал Tesla электромобильдері қытайлық электромобильдердің көпшілігіне қарағанда арзанырақ.
Болашақта пайдалану мәселелері отандық нарыққа кірген көптеген қытайлық көліктерді 3-5 жылдан кейін пайдалану жағы қалай болатынын болжау өте қиын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық