ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шыққан алғашқы команда атанды
Фото: ӘЧ-2026
Марокко құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы ірі есеппен жеңіп, турнирдің алғашқы ширек финалисі атанды. Хьюстон қаласында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ойында Аззедин Унаи 50 және 82-минутта дубль жасады, ал қосымша уақытта Суфьян Рахими (90+8) мергендік танытты.
Матчтың 22-минутында Марокко құрамасының турнирдегі үздік сұрмергені Исмаэль Сайбари (үш гол) жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бірінші тайм өте тартысты өтіп, төреші алты сары қағаз көрсетті. Ескертулерді канадалықтар Ричи Ларье мен Джонатан Дэвид, сондай-ақ марокколықтар Редуан Халал, Ашраф Хакими, Аззедин Унаи және Билал Эль-Ханнус алды. Opta мәліметінше, бұл таймда сары қағаздар саны (6) соққылар санынан (5) асып түскен — мұндай жағдай әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет тіркелді.
Бұл кездесу екі құраманың әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы бетпе-бет ойыны болды. Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Марокко Канададан 2:1 есебімен басым түскен еді.
Марокко құрамасы топтық кезеңде С тобында жеті ұпай жинап, екінші орынмен шыққан. 1/16 финалда олар Нидерланды құрамасын пенальти сериясында жеңді (1:1, 3:2). Ал Канада В тобында төрт ұпаймен екінші орын алып, 1/16 финалда Оңтүстік Африканы 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Марокко бұл әлем чемпионатына жетінші рет қатысып отыр. Команда қатарынан екінші рет ширек финалға жолдама алды. 2022 жылы марокколықтар сенсация жасап, жартылай финалға дейін жетіп, мұндай жетістікке жеткен алғашқы африкалық құрама атанған еді.
Сонымен қатар Марокко құрамасы жеңіліссіз сериясын 21 матчқа дейін ұзартты. Осы аралықта команда 14 жеңіске жетіп, жеті ойынды тең аяқтады.
Канада үшін бұл әлем чемпионаты тарихтағы үшінші турнир болды. Бұған дейін олар 1986 және 2022 жылдары қатысқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық