Қарағандыда екі «әлеуметтік қызметкер» 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін үптеп кеткен
Polisia.kz бейнесінен скриншот
Қарағандыда 94 жастағы кейуананың үйіне әлеуметтік қызметкер ретінде кіріп, 1 миллион теңгесін жымқырды деген күдікпен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары мен бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде күдіктілердің жеке басын анықтаып, олар ұсталды. Оқиға маусым айының соңында болған.
Полицияға 94 жастағы қала тұрғынының айтуынша, пәтеріне өздерін «әлеуметтік қызметкер» ретінде таныстырған екі әйел келген. Олар қарт әжейдің сеніміне кіріп, ескі үлгідегі ақшаларды жаңасына ауыстыру қажет екенін айтып, үйде сақталған қаражаттың қайда тұрғанын сұраған. Еш күмәнданбаған кейуана жинаған ақшасы тұратын орынды көрсеткен.
Арада көп уақыт өтпей, бейтаныс әйелдер үйден шығып кеткен соң зейнеткер өзіне тиесілі 1 миллион теңгенің жоғалғанын байқап, бірден полицияға хабарлаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, күдіктілердің жүрген бағытын анықтаған.
Нәтижесінде олардың жеке басы анықталып, күдіктілер ұсталды. Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілердің Қарағанды облысы мен еліміздің басқа өңірлерінде жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруге кірісті.
Полиция азаматтарды, әсіресе егде жастағы туыстарын алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы алдын ала ескертіп отыруға шақырады. Олар өзін әлеуметтік қызметкер, коммуналдық қызмет немесе өзге мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырған бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеуді сұрайды.
Ақшаңыздың немесе бағалы заттарыңыздың қайда сақталғанын көрсетпеңіздер. Күмәнді жағдай туындаса бірден «102» арнасына хабарласқан абзал.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық