Маңғыстауда Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етуге кеткен үш адам ізім-ғайым жоғалып кетті
Фото: Әлеуметтік желіден
Маңғыстау облысының үш тұрғыны 2 шілде күні автокөлікпен Бекет ата жерасты мешітіне бет алған. Сол күні олармен байланыс үзіліп, содан бері қайда екені белгісіз. Полиция іздеу жариялап, ауқымды іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, «Охотзоопром» мамандары, тікұшақтар мен арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңғыстау тұрғыны әлеуметтік желіде жоғалған туыстарының орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан көмек сұраған.
Кейін Ақтау қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі Ақтау қаласында Бекет ата мешітіне барғаннан кейін байланысқа шықпай қалған үш адамға іздеу жариялады.
Полиция мәліметінше, 2 шілде күні шамамен сағат 16:15-те Great Wall автокөлігімен мешітке қарай жолға шыққандар:
- Қанатбек Жұбатқанов — Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылының тұрғыны;
- Ақмарал Бисенова — Атамекен ауылының тұрғыны;
- Мархабат Бисенова — Ақтау қаласының тұрғыны.
Белгілі болғандай, зияратшылар соңғы рет сапарға шыққан күні байланысқа шыққан. Олар WhatsApp арқылы Бекет ата жерасты мешіті аумағынан түсірілген бейнежазба жіберген, содан кейін байланыс үзілген. Содан бері олардың нақты қайда екені белгісіз.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті 5 шілде күні таңертең іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру шаралары жүргізілуде. Жоғалғандарды табу үшін полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, Охотзоопром мамандары және басқа да жедел қызметтер жұмылдырылды», деп мәлімдеді ведомство.
Ресми ақпаратқа сәйкес, іздеу жұмыстарына тікұшақтар, арнайы техника және қажетті құрал-жабдықтар тартылған. Іздеу бірнеше бағытта қатар жүргізілуде.
«Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп, жоғалған азаматтардың орналасқан жерін тезірек анықтау үшін барлық шараларды қабылдауда» деп атап өтті полиция.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Полиция өңір тұрғындарынан жоғалғандардың қайда болуы мүмкін екені туралы кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық