Трамп Венесуэлаға АҚШ-тың «бағыттан адастырғыш» қару қолданғанын мойындады
Фото: Gage Skidmore / Wikimedia Commons, CC BY-SA 2.0
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстау операциясы барысында құпия қару қолданылғанын New York Post басылымына берген сұхбатында өз аузымен мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамптың айтуынша, өзі «дискомбобулятор» деп атаған құрылғы венесуэлалық әскерилердің америкалық тікұшақтар мен ұшақтарға зымыран ұшыру мүмкіндігін толықтай жойған. Алайда бұл қарудың нақты қалай жұмыс істейтінін құпия сақтап, ашып айтпады.
Трамптың бұл мәлімдемесі CNN арнасының АҚШ құрылымдары «гавандық синдром» деп аталатын әсерді тудыруы мүмкін жабдықтарды сатып алғаны туралы хабарламалары кезінде айтылды. Аталған синдромды алғаш рет 2016 жылы Кубадағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері тіркеген. Оның белгілеріне құлақтағы шу, бас айналуы және жалпы халдің нашарлауы жатады.
Ал Венесуэлада өткен операцияның куәгерлері «бағыттан адастырғыштың» әсері ерекше әрі үрейлі болғанын айтады. Олардың сөзінше, Мадуроның күзетшілерінің денсаулығы күрт нашарлап, кейбірінің мұрнынан қан кетіп, жүрек айнуы байқалған. Куәгерлердің бірі құрылғының әсерін қатты бас ауруын тудыратын қуатты дыбыс толқынымен салыстырған.
3 қаңтарға қараған түні Каракаста бірнеше жарылыс болды. Осыдан кейін АҚШ қаланы соққыға алып, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, елден алып кеткен. Қазіргі уақытта олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр.
Венесуэла билігі бұл операцияның басты мақсаты елдің мұнай және минералдық ресурстарына бақылау орнату деп есептейді. Елдің сыртқы істер министрі Иван Хиль Пинто бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді.
Нью-Йорк соты Мадуро ісі бойынша алғашқы сот отырысын өткізіп үлгерді. Оған есірткі терроризмі, кокаин контрабандасы, қару сақтау және АҚШ-қа қарсы сөз байласу айыптары тағылып отыр. Бұл баптар бойынша саясаткерге төрт мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Мадуро өз кінәсін мойындаған жоқ. Келесі сот отырысы 17 наурызға белгіленген.
Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Давос форумында Вашингтон Венесуэладан 50 миллион баррель мұнай алып қойғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы операциялардан түсетін табыс Венесуэлаға көмектеседі және алдағы алты айда елдің жағдайы «керемет» болмақ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық