Трамп журналистер алдында мәлімдеме жасады: «Мадуроның билігі аяқталды, ол енді президент емес»
Ақ үйдегі кадрдан скриншот
Ақ үй басшысы Венесуэладағы жағдайға байланысты баспасөзге арнап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz. Америка президенті айтқан сөздерінің негізгі тезистерін ұсынамыз.
- Операцияға «Түн ортасындағы балға» деген кодтық атау берілген. Ол «мінсіз өтті» және екінші дүниежүзілік соғыстан бергі баламасы жоқ операция болды.
- Мадуро мен оның жұбайы таңсәріде, қап-қараңғы уақытта, күн шықпай тұрып қолға түсті.
- «Біз бүкіл Каракастағы жарықты өшірдік». Енді олар АҚШ соты алдында жауап береді.
- АҚШ Мадуроның бақылауында болған, елге жеткізілетін есірткінің 97 пайызын тоқтатты. Ол Cartel de los Soles есірткі картелін жеке өзі басқарған, соның салдарынан мыңдаған америкалық қаза тапты.
- Мадуроның билігі аяқталды, ол енді Венесуэланың президенті емес.
Билік берілгенге дейін елді АҚШ басқарады. - Қажет болған жағдайда америкалық әскерилер екінші соққы беруге дайын, ол одан да ауқымды болады. «Біз дайынбыз».
- АҚШ-тың басты мақсаты — Венесуэла халқын бай, тәуелсіз және қауіпсіз ету. Бұл шабуыл игі мақсаттарға жету үшін жасалды.
- Мадуромен болған жағдай кез келген адаммен қайталануы мүмкін.
Венесуэла мұнайына салынған америкалық эмбарго өз күшінде қалады. - АҚШ Венесуэлада мұнай өнеркәсібін құрды, алайда венесуэлалық режим оны ұрлап, Вашингтон миллиардтаған доллардан айырылды.
Баспасөз конференциясының алдында Трамп өзінің әлеуметтік желісінде Венесуэла басшысының АҚШ-тың «Иводзима» әскери кемесінде тұтқындалған сәтінен фото жариялады.
Суретте Мадуроның қолы кісенделген, көзін бүркемелеген. Дыбысты естімеу үшін оған құлаққап кигізілген.
Мадуро өткен түні Каракаста «Дельта» жасағы қатысқан арнайы операция барысында ұсталды. Ол Нью-Йоркке жеткізіліп, тағылған айыптар бойынша АҚШ соты алдында жауап береді.
Қақтығыс жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық