Мадуро Бруклиндегі қатаң режимдегі тергеу изоляторына жеткізілді
Бейнеден скриншот
Ғимарат алдына саясаткердің жақтастары жиналды: олар Венесуэла туын ұстап, қолдау сөздерін айқайлады, деп хабарлайды Orda.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, келесі аптада Мадуро Манхэттеннің федералдық сотының алдына шығады. Оған есірткі мен қару-жарақ контрабандасы бойынша айып тағылып отыр.
Саясаткер ұсталғаннан кейін оны кісен салып, алдымен рәсімдеу үшін Нью-Йорктегі DEA (есірткімен күрес басқармасы) бөлімшесіне жеткізген, содан соң Бруклиндегі мекемеге апарған. Әңгіме қамауда ұстаудың «қатаң» ережелерімен танымал Нью-Йорктегі тергеу изоляторы туралы болып отыр. Бұған дейін бұл жерде есірткі бароны Хоакин «Эль Чапо» Гусман және Джеффри Эпштейн ісі бойынша сотталған қоғам қайраткері Гислейн Максвелл қамауда болған.
Мадуроның тұтқындалуы АҚШ-тың әскери операциясының бір бөлігі болды. Бұл әрекетті Каракастың одақтастары, соның ішінде Ресей мен Иран, қатаң сынға алды. Ал Венесуэланың шетелдегі оппозициясы, керісінше, болған жайтты қолдады.
Ақ үй мен Fox News жариялаған видеоларда Мадуро федералдық агенттердің қасында келе жатып, оларға ағылшын тілінде тіл қатуға тырысқаны көрінеді. Ол бірнеше рет «қайырлы түн» деп айтады, кейін испан тіліне ауысып, өз-өзінен сұрағандай болып, соңынан «жаңа жылмен» деп қосады.
Қақтығыс жайлы, әлем көшбасшыларының болып жатқан оқиғаларға реакциясы, соынмен қатар Трамптың негізгі мәлімдемелері, сондай-ақ Мадуро тұтқындалғаннан кейін Венесуэланың АҚШ-қа қандай жауап бергені туралы біз бұған дейін жаздық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық