Мадуроның жақтастары Каракаста күнде шерулетіп жатыр
Фото: Facebook Deutsche Welle
Шеруге қатысушылар - «чавистердің» билеуші сол жақ қозғалысының белсенділері бір апта бұрын АҚШ әскерилерінің операциясынан кейін АҚШ-қа әкетілген президентті қайтаруды талап етуде. Елдегі осындай митингілер оны Нью-Йоркке әкеткен сәттен бастап күн сайын өткізіліп келеді, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Көшедегі наразылықтар кезінде Венесуэланың Сыртқы істер министрлігі 2019 жылы Дональд Трамптың бірінші мерзімінде үзілген дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру бойынша АҚШ-пен келіссөздердің басталғанын хабарлады. Вашингтон америкалық өкілдердің Каракаста болып, елшіліктің қайтып оралуы мүмкіндігін талқылағанын растады.
Фото: Facebook Deutsche Welle
Сонымен қатар, уақытша президент Делси Родригес саяси тұтқындарды босататынын жариялады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 10 қаңтарға дейін 18 адам бостандыққа шықты. Басқа тұтқындардың туыстары Каракастың шығысындағы Эль-Родео түрмесінде кезегін күтіп тұр.
Трамп саяси тұтқындарды азат етуді «бейбітшілікке ұмтылудың белгісі» деп, Венесуэлаға қарсы жоспарланған шабуылдардың екінші толқыны жойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадомен кездесетінін жариялады.
Фото: АР
Венесуэлада 850-ден астам саяси тұтқын бар, олардың көпшілігі Мадуро басқарған кезде тұтқындалған. Human Rights Watch бұған дейін көптеген адамдар «инкоммуникация» режимінде - сыртқы әлеммен байланыссыз ұсталатынын, бұл азаптаудың бір түрі ретінде бағаланатынын айтқан болатын.

Фото: АР
Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда АҚШ Мадуро мен оның жұбайын Қаракаста ұсалғанын жариялаған болатын. Оларға есірткі терроризмі мен заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін айып тағылған. Президент өкілеттігі Делси Родригеске берілді, ал Мадуро ісі бойынша келесі сот отырысы наурызға белгіленді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты
- АҚШ конгресі Трампқа импичмент жарияламақшы
- Келесі кезекте — Мексика: Трамп есірткі картельдеріне қарсы күш қолдану операциясы туралы айтты
- Елде бір ғана президент бар — Венесуэла Мадуро тұтқындалғаннан кейін АҚШ-қа жауап қатты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық